{metadescription}
Президент зейнетақы есептеудің жаңа ережесін бекітті
Президент зейнетақы есептеудің жаңа ережесін бекітті

Президент зейнетақы есептеудің жаңа ережесін бекітті

Еліміздегі зейнетақы жүйесіне ауқымды өзгеріс енді. 2017 жылдан бастап базалық зейнетақы еңбек өітіліне қарай төленетін болды. Парламенттің қос палатасы  мақұлдап, Ақордаға жіберген құжатқа бүгін Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.

Енді, егер еңбек өтілі 10 жылдан аз немесе мүлдем болмаса, онда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің тең жартысы, яғни  10 мың теңгеден сәл-ақ асады. Ал, еңбек өтілі бұдан жоғарыларға зейнетақы бөлек есептелмек. Сондықтан қарттығын қамсыз өткізгісі келгендер тыным таппай еңбек етіп, қорға ай сайын қаржы аударып тұруы тиіс. Сондай-ақ жаңа заң бойынша, қазақстандықтар 3 деңгейлі зейнетақы алатын болады. Базалық, жұмыс берушілердің 5 пайыздық жарнасынан төленетін зейнетақы және әркімнің жеке 10 пайыздық жарнасы. Сонда зейнетақыға үш тарап: мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың өзі жауапты болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.