{metadescription}
Алматыда жүкті әйел үйінен қуылып жатыр
Алматыда жүкті әйел үйінен қуылып жатыр

Алматыда жүкті әйел үйінен қуылып жатыр

Алматыда аяғы ауыр әйел отбасымен бірге өз үйінен қуылып жатыр. Қырғауылды ауылында тұратын жанұяны жақын туыстары алдап соққан. Онсыз да шағын үйді еш келісімсіз кепілге қойған адамның өзі қашып кетіпті. Ал сан соғып қалған отбасы айғақтары бола тұра, барлық сот отырысында жеңіліп қалған. Енді, сот орындаушылары тез арада үйді босатуларын талап етуде.

Бұл Бердіғұловтар отбасының 7 жылдан бері тұрып жатқан аядай ғана баспанасы. Отбасында 8 адам бар. Сәуле Дөненбаева 2 жыл бұрын туысына алданып, әлдебір сенімхатқа қол қойып берген. Ал сенімхат алған әйел үйді кепілге қойып, өзі сол күйі із суытыпты. Сан соқтырып кеткен оған іздеу салынса да, ұстатпай жүр.

Сәуле Дөненбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мен қол қойып бердім болды. Ал, мен ол қағазды оқыған жоқпын. - Алданып қалып отырмын мен.

Ал өз туысына алданған отбасының келіні қазанның басында айы-күні толып, екінші сәбиін босанбақ. Алайда үйден қуылса, перзентханадан қайда оралатыны белгісіз. Раушанның өзі күнделікті уайымнан мерзімінен бұрын босанып қаламын ба деп қорқады.

- Қазір 38 апта, аяғым ауыр. Сәбиімнің кішкентай жаялықтарын жуып, үтіктеп дайындап қойғам. Енді осы сәбиім туылғаннан кейін қайда барарымды да білмеймін.

Алданғандардың айтуынша, үйдің заңсыз сатылғаны туралы қолдарында бірнеше дәлелдері бар екен. Бірақ бұған қарамастан 3 сот отырысында да жеңіліп қалған. Енді шешім бойынша 5 тәуліктің ішінде үйді босатулары керек.

Мәулен Үшбаев, адвокат:

- Алдын-ала ескертуі керек еді. Хат жазып. Міне, осындай күні сатқалы жатырмыз деп. Кассациялық  сотта біздің талап-арыздарымыз қайтарылған.

Жалғыз баспанасынан қуылып отырған отбасы, ең болмаса дүние есігін ашқалы отырған нәрестенің буыны қатқанға дейін уақыт берсе екен дейді. Бірақ, сот орындаушылары оған қарайын деп отырған жоқ. Үйді дер кезінде босатпаса, мәжбүрлі түрде қуып шықпақ. Бұдан басқа барар жері жоқ Бердіғұловтар отбасының жалғыз үміті енді Жоғарғы сотта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.