{metadescription}
Алматының халқы жолақысын ақшамен емес, электронды картамен төлейтін болды
Алматының халқы жолақысын ақшамен емес, электронды картамен төлейтін болды

Алматының халқы жолақысын ақшамен емес, электронды картамен төлейтін болды

Алматыда қоғамдық көліктер электрондық төлем жүйесіне көшті. Бүгіннен бастап қаладағы 200 автобус жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Тұрғындар жол ақысын төлеу үшін бірыңғай төлем карталарын сатып алуы тиіс. Қала бойынша оған ақша толтыратын 8 мыңнан астам терминал бар. Заманауи төлем жүйесі жыл соңына дейін барлық қоғамдық көліктерге енгізілмек. Ал одан кейін қолма қол ақша мен кондуктор деген болмайды.

Әлемнің ірі мегаполистерінде қолданылатын электрондық төлем жүйесі Алматыда да сынақтан өтіп, бүгін мұнда 200 автобус осы бағдарлама бойынша жүре бастады. Тұрғындар жол ақысын төлеу үшін бағасы 400 теңге тұратын мынадай карта сатып алуы керек. Қазір бірыңғай көлік картасының 4 түрі бар. Біреуі жалпыға ортақ, ал қалғандары жеңілдігі бар тұрғындарға арналған.

- Сатып алғанда картамыздың екі жағында ақпарат бар, орыс тілінде және қазақ тілінде. Және де бұл картамыз қорғаныс фольгасымен жабылған.

Бір ерекшелігі, жолаушылар бұл карталарды пайдаланып болғаннан кейін кері өткізіп, ақшасын ала алады. Картаға ақшаны терминал арқылы толтыруға болады. Сондай-ақ, шәкірттер мен зейнеткерлерге тегін беріледі.

Рифат Абдураманов, «Алматы транспорт холдингі» ЖШС өкілі:

-Жеңілдігі бар төлем карталарын дүйсенбіден бастап мектептер мен жоғарғы оқу орындарында тарата бастаймыз. Ал зейнеткерлер қаладағы әлеуметтік қорғау бөлімдерінен ала алады. Бұлардың бәріне төлем картасын тегін береміз.

Жаңа жүйеге көшкен автобустардың әрқайсысында электронды төлем қабылдайтын 2 құрылғыдан орнатылған. Жолаушылардың ақша төлегенін бақылаушы қызметкерлер де тексеру аппаратымен қамтылған. Тіпті жүргізушілерге де көмекші қондырғы бар.

Қайрат Делішов, автобус жүргізушісі:

- Бұрын біз айналарға қарап, жолаушылармен  жұмыс істесек, қазір мына өзіміздің жүргізуші көмекшіге қараймыз да, осымен бақылай береміз.

1-ші қаңтарға дейін валидатор жүйесі мен жол жүру билеттері электрондық төлем карталарымен қатар қолданылады. Ал жаңа жылдан бастап қолма-қол төлем мүлдем жойылмақ. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.