{metadescription}
Б. Байбек: «Бас дәрігерге кіру менің кабинетіме кіруден де қиын»
Б. Байбек: «Бас дәрігерге кіру менің кабинетіме кіруден де қиын»

Б. Байбек: «Бас дәрігерге кіру менің кабинетіме кіруден де қиын»

Алматыда аурухананың бас дәрігеріне кіру қала әкімінің кабинетіне кіруден де қиын! Бүгін «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының отырысын өткізген шаһар басшысы Бауыржан Байбек білім беру және денсаулық сақтау салаларының басшыларына шүйлікті.

Қала әкімінің көңіліне жақпаған бұл салаларда келеңсіз жайттар былтырдан бері қайталанып келеді екен. Мәселен, өткен жылы 5 мектеп директоры мен бір аудандық білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылған. Бірақ бұл сабақ болмағанға ұқсайды. Өйткені биыл тағы 4 мектеп директоры қаржылық қылмысы үшін жауапкершілікке тартылып жатыр. Қылмыс жөнінен денсаулық сақтау саласы да кенде емес. Осы жылдың өзінде бес бірдей медицина мекемесінің басшысы қызметтен кеткен. Тағы екі бас дәрігерге қатысты қылмыстық іс жалғасып жатыр. Мұндай жәйттердің алдын алу үшін қала билігі енді тұрғындардың арызы бойынша әрекет етпек.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

-Кейде бас дәрігерлердің алдына кіру менің кабинетіме кіруден де қиын. Біреуге қоңырау шалдырмай бара алмайсың. Жоғарыдан біреудің бұйрығы келмей, адамға дұрыс қарамайды. Мұндай жайттарды анықтау үшін тұрғындардың арыз-шағымы бойынша сараптама жүргізіп отыратын боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.