Астанада қымбатшылықтан кәсіпкерлер пайда табуға кірісті
Ал астаналық пысықайлар қымбатшылықтан пайда тапқан. Елордада азық-түлік бағасын өзара келісіп қасақана көтергендер анықталды. Қазір оңай олжаға кенелмек болған кәсіпкерлердің ісімен әкімдік айналысып жатыр.
Автор: Ербол Сейілхан
11.01.2016
Қымбатшылық Астананы күн сайын қысып барады. Мәселен, жарты жылда азық-түлік бағасы бірден 10 пайызға қымбаттаған. Әсіресе, халық күнделікті тұтынатын қант, сұйық май, сүт секілді азықтың құны шарықтап барады. Онсызда қымбатшылыққа ұрынған жұрттың қалтасына кәсіпкерлер де түсе бастаған. Бизнесмендер белгіленген бағаға үстемені еселеп қосып жағдайды ушықтырып отыр. Қазір Елорда әкімдігі дүкен мен базарларда күніге моноторинг жүргізіп, бағамен ойнағандарды сабасына түсіруге кірісті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!