Маңғыстауда полицейді таспаға түсіріп ғаламторға салғандар жазасын алды
Маңғыстауда жол-патрульдік полициясының қызметкерін бейнежазбаға түсіріп, ғаламторға салған жүргізуші оған 10 мың теңге моральдық шығын төлейтін болды. Ал, оны жариялаған сайт 50 мың теңге өтеп, екеуі де полицейден кешірім сұрауы тиіс.
Автор: Сандуғаш Шортанова
15.02.2016
-Талапкер Әбдуәлиев Мәулен Мейірханұлынан БАҚ арқылы кешірім сұрау міндеттелсін.
Жол сақшысының намысына тиген бейнежазба былтыр қыркүйекте түсірілген. Полиция сержанты жұмыс кезінде жарығы сөніп келе жатқан көлікті тоқтатады. Ал оның жүргізушісі жарықтың жанып тұрғанын дәлелдемек болып, жол сақшысын бейнежазбаға түсірген. Артынша ол желіге шығып кетеді. Содан кейін күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған полицей жүргізуші мен сайтты сотқа беріп, екеуінен бір жарым миллион теңге моральдық шығын талап еткен болатын. Судья бүгін оның бұл тілегін ішінара қанағаттандырып, екеуінен 60 мың теңге өндіруді ұйғарды. Бұл ақшаны полицей енді балалар мен мүгедектерге арналған интернатқа аудармақ.
Мәулен Әбдуәлиев, жол-патрульдік полициясының қызметкері:
-Қызметкер болғанымен біздің азаматтығымыз бар. Біз де осы елдің, Қазақстан Республикасының азаматымыз. Бізді кез-келген адам түсіріп, ғаламторға жария етуге және біздің ар-намысымызды таптауға ешкімнің құқығы жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!