Оңтүстік Қазақстанда шегіртке қарбыз-қауын егілген алқаптарды түгел тауысуға айналды. Бір айға жуық Сарыағаш пен Шардараның егістігін жайпаған зиянкестер енді Ордабасы мен Арыс диқандарын зар жылатып отыр. Шығынды ондаған миллионға бағалаған шаруалар шегірткеге бас ауыртып жатқан шенеуніктер жоқ...
Оңтүстікте егіс алқабын тауысқан шегірткелер енді жусанды отап жатыр
Оңтүстікте егіс алқабын тауысқан шегірткелер енді жусанды отап жатыр
0 1304

Оңтүстікте егіс алқабын тауысқан шегірткелер енді жусанды отап жатыр


Оңтүстік Қазақстанда шегіртке қарбыз-қауын егілген алқаптарды түгел тауысуға айналды. Бір айға жуық Сарыағаш пен Шардараның егістігін жайпаған зиянкестер енді Ордабасы мен Арыс диқандарын зар жылатып отыр. Шығынды ондаған миллионға бағалаған шаруалар шегірткеге бас ауыртып жатқан шенеуніктер жоқ дейді. Зиянкеспен күреске екі-ақ техника бөлген басшылар тіпті дәріге ақша жоқ деп қол қусырған.

Күнгейдің шеткері аудандарынан бастап егінді тып-типыл еткен шегіртке енді Шымкенте жапсарлас Ордабасы мен Арысқа жетті. Күн сайын қарқын алып күшейген зиянкестер алғашында тек сабағын қырықса енді қарбыздың өзін де шұрқ тесік қылыпты.

Жарқын Қыздарбекова, диқан:

- Шыр-шыр етіп, бала-шағамызбен ала жаздай еккен еңбегіміз шегірткеге жем болды. Мынау Арыс ауданынан 2 техника бөлген. Бұл 2 техниканың бұған шамасы келмейді. Шегірткенің ошағы Ордабасы жерінде.

Марокколық деп таныған шегірткенің бұл түрі қарбыз түгілі жусанды да қоймайды екен. Диқандар мұндай жәндікті көрмек түгілі бұрын соңды естімепті де.

-Мынау 10-15 күнде пісетін дарбыз еді. Түрі мынандай болды. Пәлегін шегіртке жеп қойды бәрін.

Үйін кепілге қойып, 3 гектарға қарбыз еккен Ғалымжан Әлиевтің егіні мынау. Бас аяғы он күнде пісуге шақ тұрған өнімін көктей солдырған.

Ғалымжан Әлиев, диқан:

-Шындығы ғой азанда келді әкімі бар Арысы бар бәрі келді. Сөтті дағы біреуі машина әкелсе, біреуі дәрісі жоқ. Дәрі десе, дәріміз жоқ дейді. Ақшамызда жоқ дейді. Болды. Содан машина барды да, үйге барып жатты. Менің қорамда жатыр қазір.

Арыс пен Ордабасы жұртының есебінше шегірткеден күйген шаруалардың саны жүзден, ал шегіртке жаулап алған егін көлемі мың гектардан асып кеткен. Жергілікті атқамінерлер диқандарға зиянкестерді өзіміз-ақ жоямыз деп басу айтыпты.

Жомарт Жауғашев, диқан:

-Облысқа барамыз деп отырған кезде ауыл, аудан әкімдері жібермей қойды. Басып отыр. Өзіміз қатырамыз деп «құлақтан теуіп» ауызбен орақ орып отыр.

Ал, шенеуніктер шегірткеге әлі жетпей жатқанын мойындайды. Қыстың жылы, көктемнің жаңбырлы болуынан зиянкестер әдеттегіден әлдеқайда күш алып кеткен. Сондықтан, әлі күрес жүріп жатыр екен.

Талғат Жанбаев, Фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы РММ ОҚО филиалының басшысы:

-Шегірткенің жер бетіне шығуы созылмалы болды. 20-21 күнге созылды. Бұл шыққан жерден, 2-ші 3-ші мәрте өңдеуге тура келетін көлемдері бар. Соның салдарынан көлемі ұлғайып кетті. 

Неге сүйенгені белгісіз осыдан он күн бұрын ауыл шаруашылығы саласының басшылары екі тәуліктен кейін шегіртке қалмайды деп есеп берген. Болжамдары теріске шыққан олар бүкіл оңтүстікте дәрілеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Анығы сол мыңдаған гектар өнімінен айрылған диқандар шығынға батты. Ал, отандық қарбыздан қағылған жұрт енді тағы өзбекстандық шаруалардың саудасын қыздыратын болды.  

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Сіздің атыңыз:

Адрес (оставьте пустым):

Хабар:

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР