Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Астана іргесінен табылған «сібір жарасы» көмілген қорым жұртты шошытты
Сібір жарасы көмілген жер Астананың маңынан да табылды. Елордадан 25 шақырым жердегі Қосшы ауылының тұрғындары дәл іргеде пайда болған қауіптен қатты сескеніп отыр. Өйткені жергілікті басшылар үйлердің жанына «Сібір жарасы» деген қорқынышты жазуы бар тақта қойған. Айта кетейік, дәл осы қауіпті мал ауруынан биыл жазда Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарында 5 адам көз жұмған еді.
Автор: Ербол Тұрымбет
11.08.2016
Биіктігі бір метрге де жетпейтін тікенек сым қоршау – маңайдағы тұрғындарды аса қауіпті ауру көмілген жерден аластап тұрған жалғыз қорған. Оның ішіндегі ескертпе жазуы бар мына тақта жуырда ғана қойылыпты. Ал оның жанынан суын ауыл тұтынатын өзен ағып жатыр. Ойда-жоқта пайда болған қорқынышты жазудан енді ауыл тұрғындарының жүрегі ұшып отыр.
Рауан Садықов, Қосшы ауылының тұрғыны:
-Ауыл тұрғыны ретінде қауіпті болып жатса, жабуға қарсы емеспін. Балаларды негізі мен жібермеймін ол жаққа.Өзенге де түсірмеймін.
Жергілікті шенеуніктер қауіпті аумақты мықтап қоршау жағын да ойластырып қойыпты. Енді биіктігі 2 метрден кем болмайтын мықты қоршауды сондағы демалыс орнын басқарып отырған кәсіпкерлер қолға алмақшы екен. Алайда әкімдік өкілдері бұл жерде сібір жарасынан өлген мал көмілгеніне нақты сенімді емес. Ал ескерту қауіптің алдын алу үшін ғана қойылды дейді.
Валерий Асанбаев, Қосшы ауылдық аймағының әкімі:
-Ол негізі дәлелденбеген нәрсе. Тек кей куәгерлердің сөзі ғана бар. Әйтпесе, құжат жүзінде ешқандай мәлімет жоқ. Бірақ құр сөз болса да біз қоршау салып, орнын анықтап қойдық.
Ауыл айналасында осындай ауру мал көмілген екі жер бар екен. Ал аудан көлемінде 500-ден асады. Жуырда ғана бірнеше облыста сібір жарасынан адам өлімі болғаны есте. Сол оқиғалардан кейін мұндай мал өлігі көмілген аумақтың бәрі қатаң бақылауға алына бастаған. Дегенмен, бұл шаралар үшін былтыр ел қазынасынан бөлінген қыруар қаражаттың қайда кеткені белгісіз. Бүгінде әр өңірде арнайы комиссиялар құрылып, мал өлігі тасталған жердің барлығы есепке алынып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram