Шымкентте бала сатуды бизнеске айналдырған акушерлер сотталды
Шымкентте ұзақ уақыт бойы жаңа туған нәрестелерді сатып келген акушерлер сотталды. №1-ші периниталдық орталықтың акушер-гинекологы болып жұмыс істеген Жанна Мамекова мен бөлім меңгерушісі Роза Алдамжарованың ісін 2 жылдай қараған сот олардың біріншісін 11 жыл бас бостандығынан айырса, екіншісіне 10 жыл үкім кесті.
Автор: Бек Әбиев
24.08.2016
2010-шы жылдан бастап 3 жыл бойы екі дәрігер де бала сатуды кәсіп етіп келген. Олар перзентханаға түсіп, баласынан бас тартпақшы болған келіншектерді анықтап, делдал арқылы шақалақты сатып алушыларды тауып отырған. Асырап алушы туған анасы етіп көрсетіп анықтама беріп келіпті. Тергеу олардың қолынан 21 нәрестенің 150 мың мен 450 мың теңге аралығында саудаланғанын дәлелдеді. Бұған дейін осы іс бойынша бала сатып алмақшы болғандарды іздеген 2 делдал мен туу туралы куәліктерді беруге көмек көрсетіп келген АХАЖ бөлімінің қызметкері де сотталған еді. Қазір сот атышулы іске қатысты тағы бір делдал Эльмира Дәулетованың ісін қарап жатыр. Ал дәрігерлер мен делдалдардан құрылған топ 2013-ші жылы баласын сатқан әйелдің бірі полицияға арыз түсірген соң ғана әшкереленген.
Әбинұр Қарабаев, судья:
-Роддомға түскен қыздар, яғни балаларынан бас тартатын қыздарды анықтап, солардың мәліметін Дәулетоваға береді. Дәулетова қыздармен келіп сөйлеседі. Баланы тастамауға, алдырмауға үгіттейді. Оларды роддомнан шығарды деп айтады. Содан кейін Мамековамен бірлесіп, олар жалған медициналық куәлікті істейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!