Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Баян Есентаеваны өлімнен арашалап қалған үлкен қызы сотта әкесін қорғайтын болды
Мұншалықты мемлекеттік құпия саналмаса да, шулылығы жағынан Төлешовтен кем түспейтін Баян Есентаеваның күйеуіне қатысты сот та бүгін басталды. Ол да жабық жағдайда өтіп жатыр. Бақытбек Есентаев «адам өлтіруге оқталу», «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» баптары бойынша айыпталуда.
Автор: Олжас Байжан
14.09.2016
Процесс Қаскелеңде өтіп жатыр. Айтқандай, оның жабық түрде өтуі тағы бір айыпқа қатысты. Белгілі продюсердің 20 жылдан артық отасқан күйеуі оған сексуалдық сипаттағы зорлық көрсетті деген күдік бар. Сондай-ақ, бұл сотқа алқа билер қатысуда. Жәбір көрген Есентаеваның өзі бүгін келген жоқ. Ал Бақытбек Есентаевты қорғауға оның қызы Айсәуле де атсалыспақ. Мұны кәсіпкердің қорғаушысы айтты. 10-шы маусымда шетелден кезекті шығармашылық сапардан оралған әйгілі продюсерді күйеуі әуежайдан күтіп алып, қала сыртына шығарған соң ұрып-соғып, білгенін істеген. Қызғаныштан қаны басына шапқан Бақытбек Есентаев әйеліне 3 мәрте пышақ сұққан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram