{metadescription}
Экономистер Астанадағы қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономистер Астанадағы қымбатшылықтың себебін түсіндірді

Экономистер Астанадағы қымбатшылықтың себебін түсіндірді

Астанаға қымбатшылық келді. Жұрт жиі тұтынанатын тауар, тағамдардың құны аяқ асты шарықтап шыға келген. Ranking.kz порталының мәліметінше, биыл Елордада азық-түлік бағасы 13 пайызға бір-ақ көтеріліпті. Яғни, еліміз бойынша Астана қымбатшылық жағынан көш бастап тұр. Бас қалада бағаның ерекше өсуіне не себеп?

Негізі, басқа өңірлерімен салыстырғанда Елордада кез-келген тауардың, азық түліктің бағасы жоғары. Бұндайға  тұрғындардың еті үйреніп кеткен секілді. Дегенмен, биылғы қымбатшылық халыққа оңай тиіп жатқан жоқ.

Статистикаға сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда биыл Астанадағы дүкендерде азық-түлік 13,2 пайызға өскен. Еліміз бойынша бұл рекордтық көрсеткіш деуге болады. Оның ішінде жұрт күнделікті тұтынатын тағамдар - көкөніс пен ет, сүт өнімдері де бар. Бұдан бөлек, Елордада өзге тауарлардың құны да шарықтап тұр.

Азық-түлік – 13,2  %

Түрлі тауарлар – 11,7  %

Қызмет көрсету – 2,2  %

Экономист Ержан Әмірбекұлының айтуынша, қымбатшылыққа бірнеше фактор әсер етіпті. Мәселен, Астанада халықтың саны артқан. Яғни, сәйкесінше тұтынушы саны да көбейді деген сөз. Бағаның көтерілуіне бұл да әсер етеді екен.

Ержан Әмірбекұлы,  экономист:

-Біріншіден, Астана қаласында үлкен көрме өткізілгелі жатыр. Яғни,адам көп келеді.  Кәсіпкерлер дәл осы арада көп пайда табуды көздеп отыр. Бағаны қымбаттату арқылы олар түсетін табыстарын  да молырақ алып қарпып қалғысы келеді. Екіншіден, шенеуніктердің, депутаттардың айлықтары көтеріліп жатыр. Оны кәсіпкерлер біледі.

Ал жалпы елімізде инфляция деңгейі тұрақты екен. Екі айдан бері ол тұрақты түрде 0,5 пайыздан аспаған. Және Астанамен салыстырғанда өзге өңірлерде қымбатшылың қарқыны сәл де болса бәсең екен.

Азық-түлік –9,5 %

Түрлі тауарлар – 8,7  %

Қызмет көрсету – 4,8  %

Жалпы, еліміз бойынша азық-түлік 9,5 пайызға, тауарлар  9 пайызға жуық, ал қызмет көрсету 5 пайызға жуық көтерілген. Республика бойынша Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары баға ең баяу өсіп жатқан аймақтардың қатарына кірген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде