{metadescription}
Астананың атышулы трансгендері «Экспоға» кіре алмағанына қапалы
Астананың атышулы трансгендері «Экспоға» кіре алмағанына қапалы

Астананың атышулы трансгендері «Экспоға» кіре алмағанына қапалы

Серік Сағындықовтың сөзіне сенсек, оның көрмеге алған билеттері мен ақшасын астаналық такси жүргізушісі үптеп кеткен. Жынысын ауыстырған еркек полицияға шағымданғанымен, ондағылар бәленің бәрі қызтекенің өзінен деп отыр. Сөйтіп өзі күдіктіге айналып шыға келіпті.

28 жастағы трансексуал жынысын ауыстырғанымен, құжат бойынша аты жөні - Серік Сағындықов. Айтуынша, таңертең такси ұстап үйіне бармақ болған. Бірақ, қызтекені пәтеріне жеткізген жүргізуші, Серіктің бағалы заттарын тартып алып, күш көрсетіпті.

Серік Сағындықов:

-Таксиші тартып алған әмиянда 900 доллор мен теңгедей ақша болған. Әрі «Экспо» көрмесіне сатып алынған билеттер бар еді. Ұялы телефон мен жеке куәлігімді де алып кетті.

Ақшасы мен құжатынан айырылған трансгендер кейін 102-ге қоңырау шалып, болған жайтты айтқан. Тәртіп сақшылары таксишіні бірден ұстапты. Бірақ, артынан түк болмағандай жібере салған.

Серік Сағындықов, трансексуал:

-Есіл аудандық ішкі істер бөліміне бардым. Арызымды ондағылар қабылдамай қойды. Ұрланған ақшамды бөлісіп алып, таксишіні жібере салған. Керісінше, мені ұрып соғып, қолыма кісен салып, бірнеше сағатқа қамап тастады. 

Ал, телефон, құжаттың барлығы бөлімшеде қалып қойыпты. Бүгін Серік соны алуға барған. Сөйтсе, тәртіп сақшылары да қызтекені іздеп жүр екен. Өйткені, барлық дау такси жүргізушісінен емес, осы трансексуалдың кесірінен шыққан дейді полицейлер. Яғни, араққа сылқия тойған Серік көлікте ойына келгенін істеп, ішін бүлдіріп тастапты. 

-Келген залалдың көлемі  30 мың теңге. Сонымен қатар былапыт сөздер айтқан. Намысына тиген.

Жалпы, Есілдің сол жағалауында тұратын қызтекемен полицейлер жақсы таныс. Өйткені, бұған дейін де дауға қалып, бөлімшеге талай түскен екен.

-Громко представьтесь, пожалуйста?

-Сагиндыков Серик Серикбаевич.

-Год рождения и откуда родом?

-Город Уральск.

Осылайша, трансгендерге бұзақылық бабымен әкімшілік іс қозғаған полицейлер тонау оқиғасын Серіктің ойдан шығарғанын айтады. Соған қарағанда, оның шағымы бойынша арыз сол күйі қабылданбайтын секілді. Керісінше, таксишіге тіл тигізгені үшін өзі  10 тәулікке қамалып немесе 20 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде