Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Қазақстанның «Пинг-понг ханшайымы» атағына таласатын болады
Алматыда үстелдегі теннистен республикалық турнирдің іріктеу кезеңі басталып кетті.
Автор: Ербол Тұрымбет
05.07.2017
«Бауыржан» қоры және Қазақстан үстел теннисі федерациясы ұйымдастырған мұндай спорттық жарыс бірінші рет өткізіліп отыр. Оған тек қыздар ғана қатысуда. Еліміздің бар аймағынан жиналған 150 бала екі топқа бөлінген. Бірі 11 жасқа дейінгілер, екіншісі 11 мен 15 жас аралығындағылар. Екі топтың жеңімпаздарына Бейжіңге жолдама беріледі. Онда қытайдың пинг-понг шеберлері біздің қыздарымызға осы спорт түрінің қыр-сырын үйретпек.
Майра Әлжанова, ұйымдастырушы:
-Жобамызды қолдаған Қазақстан үстел теннисі федерациясы әрбір балалар үйіне теннис ойнайтын 100 үстел сыйға тартты. Елімізде 100 балалар үйі бар екенін ескерсек, бұл балаларға үлкен құрмет көрсету деп білеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram