{metadescription}
Бабанов Қырғызстанның келесі президенті ме?
Бабанов Қырғызстанның келесі президенті ме?

Бабанов Қырғызстанның келесі президенті ме?

Бабановтың бағы жана ма? Қырғызстан президенті болудан үміткер Өмірбек Бабанов Алматыда  Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездесті.

"Ата -жұрт" партиясының төрағасы, Бабановың Қырғызстанда өз орны бар. Бизнестен саясатқа келген ол 2012-ші жылы премьер-министер де болған.  Енді амбициясы басым 47 жастағы  Өмірбек Бабанов президент тағынан дәмелі. Атамбаевтың мүмкін делінген  ізбасары бүгін, 15-ші қазанда өтетін сайлау қарсаңында Назарбаевтан құнды кеңестер алып қайтты. Елбасы, Бабановты ашық қолдамағанымен, оның лайықты кандидат екенін жасырған жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Басқалары маған ренжімесін, жаңа айттым. Ол біздің шаруа емес, Қырғызстанның ішкі шаруасы. Мен оған кірісейін деп отырғаным жоқ. Кімді сайласа да, сонымен жұмыс істейміз. Бірақ  білетін адам болса, жас адам болса сен сияқты, тәжірбиелі болса, ол Қырғызстанға керек деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде