Қарағанды облысында жоғалған жылқылар Ақмола облысынан табылды
Қарағанды облысынан 15 күн бұрын жоғалған 100 қаралы жылқы Ақмола облысынан табылды. Барымташылар Нұра ауданына қарасты Ахмет ауылынан айдап әкеткен 93 бас жылқыны Аршалы ауданының 4 ауылына бөліп, тығып тастаған екен. Қазір қылмыстарын мойындаған 5 адам тергеуге алынып жатыр.
Автор: Саят Сабдалы
17.10.2017
Күні кеше ғана ұсталған жасы 35-40-тар шамасындағы 5 күдікті қазір жауап беруде. Олар жылқы айдауға мінетін аттарын көзге түспеу үшін Нұра ауданына жүк көлігімен жеткізіпті. Ахмет ауылының маңында бірнеше күн барлау жүргізген күдіктілер қазанның 1-інен 2-сіне қараған түні иесіз қалған бірнеше үйірлі жылқыны Астанаға қарай айдап әкеткен. Бақташы жылқы жоғын көрсе де, өзі іздеп тауып алам деп ойласа керек, полицияға 7 күннен кейін ғана арыз түсіріпті. Малдың ізіне түскен тәртіп сақшылары Ақмола облысының Аршалы ауданынан бір-ақ шығыпты. Бірнеше ауылда қора-қораға тығылған 73 бас жылқы табылды. Екеуі сойылып кеткен.
Дархан Мадин, Нұра аудандық ІІБ аға тергеушісі:
-73 бас жылқы алынды. Ішінде биелері, тайлары бар. Әртүрлі жаста. Қалған жетіспеген жылқылар жауап алу барысында анықталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!