{metadescription}
0:000:00
Алматыдағы атысқа қатысты алғашқы тұтқындаулар басталды

Алматыдағы атысқа қатысты алғашқы тұтқындаулар басталды

Алматыны аяғынан тік тұрғызған арнайы операция! Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының арнайы жасағы күдіктілерді тұтқындау үшін қалалық әкімдік пен президент резиденциясы тұрған орталық көшесін жабуға тура келді. Тіпті атыс болып, әлдекімдер автоматтан оқ жаудырды дейді оқиға куәгерлері.

-Иә, мен сол оқиға болған Фурманов көшесінде  тұрмын.  Дәл қазір бұл жерде ештеңе болмағандай, көліктер мен адамдар еш алаңсыз арлы-бері ағылып жатыр. Тура президент резиденциясы мен қалалық әкімдіктің жаны.

Бірақ, кеше түн ортасында бұл жер құдды бір кинодағыдай, бетін тұмшағалаған арнайы жасақ пен тәртіп сақшыларына толып кеткен еді. Құзырлы орган өкілдері Тойота Лэнд Крузер көлігін осы тұсқа дейін қуып келіп, күштеп тоқтатады. Соған орай  Фурманов көшесін жауып тастаған. Алайда, ол кезде тәртіп сақшылары маңайға ешкімді жолатқан жоқ. Ешқандай ақпарат та берілмеді. Бәрін алыстан бақылаған болатынбыз.

-Мақсат, сол кезде қала орталығында атыс болды деген ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады?

Әрине, кейбір куәгерлердің айтуынша, Абай даңғылы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында джиптен түскен әлдекімдер автоматтан оқ жаудырған. Мұндай ақпараттар әлі де әлеуметтік желілерде желдей есіп тұр.

Дегенмен, құзырлы орган өкілдері атыс жайлы мәліметті жоққа шығарып отыр. Ешқандай арнайы құрал мен қару қолданылмады дейді олар. Бірақ, джиптің дөңгелегі жарылған, терезелері сынған. Сондықтан арнайы

операцияның оңайға түспегенін байқаймыз. Айтуларынша, екі күдіктіні тұтқындаған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

-Олардың екеуі де Оңтүстік Қазақстан облысынан келген ер азаматтар. Бірі 1994, бірі 1969 жылы туған. Бұрын-соңды бірнеше рет сотталған. Арнайы тергеу тобы көліктің ішінен автоматты және оған қатысы бар оқ, пышақ тәркіленді.  

Сондай-ақ, көліктен бронды кеудеше тәркеленген. Көлік күдіктінің біріне тиесілі екен. Қазір қос күдікті қамауға алынған, көлік те  полиция бөлімшесіне жеткізіліпті. Тәртіп сақшылары оларды құрықтау барысында қарсылықтың болғанын жасырмады.

Ал, қолдарына кісен тағылған күдіктілердің Алматыға не үшін келгені, қаруды қандай мақсатта сақтағаны және  қала аймағында өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр. Айта кетейік, олар бұған дейін қару және есірткі сақтағаны үшін, сондай-ақ, алаяқтық ісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.