Бишімбаевтің ісі бойынша сот алдында жауап беріп жатқан Аслан Жақыпов кінәсын мойындап, қылмыстық жүйеге қалай кіргенін айтып берді. "Бәйтерек Девелопмент" төрағасының орынбасары бола жүріп ол, "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынған үйлерді қабылдаған.
Депутаттың ұлы Аслан Жақыпов Бишімбаевтың былығын жасырмай жайып салды
Депутаттың ұлы Аслан Жақыпов Бишімбаевтың былығын жасырмай жайып салды
0 725

Жақыповтың сөзінше, ол құрылыс компанияларынан жылу жинапты. Ал пара алу жүйесі, менің келуіме дейін, сол кездегі «Бәйтерек» холдингінің басшысы Қуандық Бишімбаев пен тікелей бастығы Бақыт Жақсыбаевтың ұйымдастырумен жұмыс істеп тұрған дейді. Бұл жүйені олар өзара «біздің іс» деп атапты. Іске кіріскеннен кейін Аслан Жақыпов бір ғана құрылыс компаниясының өзінен 45 млн теңге пара алып оны өзара 5 адамға бөліп алған. Қуандық Бишімбаев та үлесте болды дейді. Алайда ол сөздерін ешбір құжатпен айғақтай алмады. Айта кетсек, Аслан Жақыпов Мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповтың ұлы. Ал Бишімбаевтің өзі 370 миллион пара алды, 1 миллиард теңге бюджет ақшасын жымқырды деп айыпталып жатыр.

Қуандық Бишімбаев, күдікті:

-Менің түсінуімше, сіздің бүгінгі мәлімдемелеріңіздің жазбаша, құжат күйіндегі дәлелі жоқ қой? Яғни табиғатта жоқ. Қылмыстық істің материалдарында да кездестірмейміз. Бишімбаевқа 20 пайыз деген бір де бір хат, қағаз жоқ.

Өз логиніңізбен кіріңіз.

Сіздің атыңыз:

Адрес (оставьте пустым):

Хабар:

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР