{metadescription}
Оралда осы өңірге белгілі бизнесмен Александр Қарағойшин қамауға алынды
Оралда осы өңірге белгілі бизнесмен Александр Қарағойшин қамауға алынды

Оралда осы өңірге белгілі бизнесмен Александр Қарағойшин қамауға алынды

Қаладағы ірі құрылыс фирмасының 37 жастағы  директоры  джипімен жаяулар жолағында келе жатқан келіншекті қағып өлтірген. Соққының қатты болғаны сонша, марқұм ондаған метр жерге дейін ұшып түсіпті. 31 жастағы Евгения Бондаренко сол күні науқас баласына дәрі алуға бара жатқан екен.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жол талғамайтын көлік тым қатты жылдамдықпен келген. Соққының салдарынан келіншек жедел жәрдем көлігі келмей жатып-ақ жан тапсырды. Ал тәртіп сақшылары жеткенше, көліктің  777 деген  нөмірі шешіп алыныпты. Сөйтіп, екі баланың анасына ажал құштырған кәсіпкер жазадан құтылып кетпекші болған екен. Алайда ашынған бұқара әлеуметтік желілерде шу көтеріп, бұған жол бермеді. Осыдан кейін Қарағойшин марқұмның туыстарына моральдық және материалдық шығынды толық өтеген. Енді Евгения Бондаренконың туыстарының оған еш шағымы жоқ екен. Сондай-ақ, бизнесмен бостандықта болу үшін кепілақы да бергісі келген. Судья осының бәріне қарамастан, ол тергеу аяқталғанша, яғни екі ай абақтыда отырсын деп шешті.

Раушан Смайылова, Орал қалалық сотының судьясы:

-Біздің ойымызша, Қарағойшин бостандықта жүрсе, тергеудің әділ жүргізілуіне кедергі келтіруі мүмкін. Және адам өліміне әкеп соққан бұл оқиғаның халық арасында қатты наразылық тудырғаны да ескерілді.      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.