Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Путин өзінің сайлауға қатысуын қолдаған халқына алғыс айтты
Тақтан түскім келмейді. Владимир Путин төртінші мәрте президент болғысы келетінін жеткізді. Төменгі Новгородқа барған ресми сапарында келер жылы сайлауға қатысуға сақадай сай екенін айтты.
Автор: Асқарбек Қазанғап
07.12.2017
Мемлекет басшысы анықталатын саяси додада Путинмен бірге Владимир Жириновский, Григорий Явлинский, Борис Титов пен Ксения Собчак та бақтарын сынайды. Сайлау 2018 жылдың 18-ші наурызына белгіленген. Ал, қазіргі президент мандатының уақыты келер жылдың 7-ші мамырында аяқталады.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:
-Шынында да бұл жаңалықты жариялауға осы кездесуді жөн деп таптым. Қолдау көрсетуішлерге рахмет! Мен Ресей Федерациясы президенті лауазымына өз кандидатурамды ұсынамын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram