{metadescription}
Алапат өрт болған «Алматы тауерсте» дәнекерлеушілер қауіпті жағдайда жұмыс істеген
Алапат өрт болған «Алматы тауерсте» дәнекерлеушілер қауіпті жағдайда жұмыс істеген

Алапат өрт болған «Алматы тауерсте» дәнекерлеушілер қауіпті жағдайда жұмыс істеген

Мұны сол жұмысшылардың бірі бүгін сотта жайып салды.

Батут орталығын тезірек ашпақ болған басшылық дәнекерлеу ісін демалыссыз, әрі өрт қаупі жоғары жерде жасатыпты. Яғни, айнала тез жанатын материалға толы болған көрінеді. Тіпті, бұл үшін орталыққа бір рет ескерту жасалған екен. Бірақ, қауіпсіздік бойынша инженердің сөзін Дәурен Тұяқов құлаққа ілмеді дейді куәгер. Тек айыпталушының сөзі бұған қарама-қайшы. Негізі сараптама да өткен жылы болған өрттің дәнекерлеу барысында шыққан ұшқыннан тұтанғанын анықтаған. Сондықтан, Тұяқовпен қатар, бір дәнекерлеуші сотталып жатыр. Ал, тағы біреуі төтенше жағдай кезінде қаза тапқан еді. Бұған қоса, тілсіз жаудан өрімдей 5 жігіт тұншығып өлді.  

Андрей Саяден, куәгер:

- Қауіпсіздік бойынша инженер келгенде, мен жоғарыда дәнекерлеп жүрдім. Ол жұмысты тоқтатуды талап етті. Өйткені, жан-жағымда қоқыс көп болды. Шоқ ұшып, өртке себеп болуы мүмкін болғандықтан, оны шығарып тастауды сұрады. Сәйкесінше, мен басшылықтың қоқысты тазалауын күттім. Бірақ, ешкім ештеңе істеген жоқ. Біз мұндай жерде жұмыс істеудің қауіпті екенін ескерткенбіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде