Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Петропавлда рингте қатты соққы тиген спортшы комаға түсіп кетті
Петропавлда кикбоскингтен өткен Қазақстанның ашық біріншілігінде жарақат алған Азамат Досымбай облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде комада жатыр. 21 жастағы астаналық спортшының миына екі рет ота жасаған дәрігерлер оның жағдайын тым мүшкіл деп отыр.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
11.12.2017
Екі күнге созылған жарыста Азамат Досымбай ақтық сайысқа дейін жетіп, 54 келіге дейінгі салмақта кикбоксингтен Қазақстанның күміс жүлдегері деген атақ алды. Ақтық шайқаста қарсыласынан жеңіліп қалған ол рингте 15 рет соққы алғанын кейін бапкерлері камерадан көріп, санаған. Алайда жігіттің өміріне қауіп төндіретіндей қатты тиген жоқ дейді олар. Марапаттау салтанатында да оның ауырып тұрғаны білінбепті. Араға бір жарым сағат өткен соң есінен танып қалған жігітті жедел жәрдем облыстық ауруханаға алып кеткен.
Руслан Есенәлин, СҚО Туризмді дамыту және спорт басқармасының басшысы:
-Ол бір айдың ішінде екі үлкен сайысқа қатысқан. Осыдан біраз бұрын Венгрияда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Онда да соққылар алды, әрине. Оның денсаулығына кеше алған соққылар әсер етті ме әлде бұрынғысы ма, ол арасын дөп басып айта алмаймын. Бірақ қазылар алқасы мен супервайзерлерге қоятын еш кінәміз жоқ. Олар дұрыс төрелік жасаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram