{metadescription}
0:000:00
Алматы әуежайынан қуылған таксишілердің қайта оралуы жолаушылардың наразылығын тудырды

Алматы әуежайынан қуылған таксишілердің қайта оралуы жолаушылардың наразылығын тудырды

Алматы әуежайында жолаушылардың ығырын шығаратын таксишілермен күрес тығырыққа тірелді. Жұрттың қыр соңынан қалмайтындарға тәртіп сақшылары былтыр жаппай айыппұл салып, маңайды тазартқандай болған. Алайда, ұшақтан түскен елге маза бермейтіндер үйреншікті орындарына қайтып келіпті. Бірақ бұл жолы тым шектен шыққан сынды. Жүкке жармасқаны былай тұрсын, жолаушыны жабылып қояр да қоймай көлікке отырғызатынды шығарыпты.

Алматыға ұшып келген жұрт әуежайдан шығуға қорқатын болған. Оған себеп-такси жүргізушілері. Бұрын жүгіне жармасатын болса, енді клиент іздегендер жолаушыға 5-6-дан жабылып, мінбесіне қоймайтынды шығарыпты.

-Жолаушылар әуежай шыққан бойда-ақ такси жүргізушілері жан-жақтан қаумалап, әркім өз көлігіне қарай сүйрей жөнелетін көрінеді. Бірақ жұрттың қанша мазасын алғанымен ондайларға полиция қарсы шара қолдана алмай отыр. Себебі, көп жағдайда жолаушылардың өздері ондай жүргізушілерге жаны ашып, арыз жазбайтын көрінеді.

Аян Молжігітов, Әуежай желілік ішкі істер бөлімінің бастығы:

-Көбінесе арыз жазбайды. Мен сіздерге айтайын, осы жылы 2 адам ғана арызданды келіп. Интернетке жазғандарын оқимыз. Бірақ тиісті деген ешкім жоқ. Нақты арызбен.

Ал прокурорлардың бұған өз уәжі бар. Айтуларынша, жүргізушілердің жұрттың қыр соңынан қалмай жүргеніне полицияның да үлесі бари екен. Себебі, сырттағы бақылау камералары көрсеткендей, әуежайға ұшақ қонғанда тәртіп сақшылары ұшты-күйлі жоғалып кететін көрінеді.    Расында-ақ, таксишілердің жолаушыларға тиісіп тұрған бірде-бір таспада тәртіп сақшысы жоқ. Есесіне, әуежайдың өз қызметкерлері кіріп-шығып жүр. Десе де, таксишілердің тұзағына түұскендерге көмекке келген олар жоқ. Керісінше, әжуа қылып кетіп барады. Ал сорақысы сол, осындай сәттерді түсіріп алған таспалардың таксишілерге қарсы күресте келіп кетер пайдасы жоқ екен.

Аян Молжігітов, Әуежай желілік ішкі істер бөлімінің бастығы:

-Арызданушыны таба алмаймыз. Мына бейнеде дыбыс жоқ. Таксистерді білеміз, олар  сотта танысммен сөйлестім деп айтуы мүмкін

Ондай фактілер болған.

Осылай деген полицейлер, тіпті «қоғамдық орында тиісу» деген баптың да күшін жоққа шығарды.  

Аян Молжігітов, Әуежай желілік ішкі істер бөлімінің бастығы

-Оның артынан жүру керек бір 5-6 метр. «Такси керек па?», «Апарып тастаймын арзанға», «анаған барма мен апарам» деп. Ал қасында тұрып жай «такси, такси» десе, ол  жұлқылағанға жатпайды? Түсінесіз бе?

Яғни, көрінген көлік жүргізушісі әрі қарай да жолаушылардың мазасын ала бермек. Оған өзіміз де куә болдық. Табалдырықтан аттай бергеніміз сол еді, жолдан кес-кестеп тұрып алды. Бірақ, тілші екенімізді білген бойда тайып тұрды.  Салдарынан ресми таксилердің жұмысы тоқтаған. Есігі ашылмаған күйі тұр. Бұлардың алатын ақысы қымбат. Кемі 3 мың теңге. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде