{metadescription}
Алматы облысында үш жасар бүлдіршін балабақшада басын жарып алды
Алматы облысында үш жасар бүлдіршін балабақшада басын жарып алды

Алматы облысында үш жасар бүлдіршін балабақшада басын жарып алды

Бар бәле балабақшадан. Алматы облысының Бөлек ауылында 3 жасар қыз бала балабақшаға аман-сау кіріп, түсте ауырып шыққан. Себебін анықтай келсе, бүлдіршіннің басы жарылыпты. Миы шайқалып, бас сүйегі шытынаған Земфира есімді қыз қазір ауруханада жатыр. Шамданған ата-ана баланы тәрбиеші ұрған деген сенімде. Білім мекемесі болса, өздеріне шаң жуытар емес. Енді тараптар бір-біріне қатысты арызданып жатыр.

Үш жасар Земфира бір аптадан бері ауруханада жатыр. Бас сүйегі шытынаған, миы шайқалған. Жазықсыз бүлдіршіннің кімнен зәбір көргені белгісіз. Дәрігерлер де жағдайының мәз еместігін айтады.

Асқар Қалиев, Алматы аймақтық балалар клиникалы ауруханасы директорының орынбасары:

- Келген кездегі баланың жағдайы ауыр болды. Бала реанимация бөліміне жатқызылды. Сол жерде емін алды. 59:03 Миының соғылуы бар. Жарақаттан кейін басында қан құйылу ондай белгілері жоқ.Мидың соғылуы ғана. Ол емделеді. 

Балабақшаға өз қолыммен аман-есен апарып тастадым деген әкесі бар кінәні тәрбиешіге жауып отыр. Баласынан бұған дейін күдікті қылық байқамаған ол нақ тәрбиешінің ұрып-соққанына сенімді. Өйткені, апайы 7 қыз баланы жинап алып, 5 минутқа әжетқанаға кіргізіп алады. Сол жерде қол жұмсаған дейді әкесі.

Исмайл Иминов, Земфираның әкесі:

- Әжетханаға дейін балам ешқандай ауру белгісін білдірген емес. Содан шыққаннан кейін шамамен бір сағат өткенде қайта-қайта басын ұстап, ауырсына береді. Тәрбиеші де дереу қоңырау шалмай, өз бетінше емдемек болыпты. 

Балабақшаның бейнебақылау камерасында тәрбиеші тарапынан ерсі қылық байқалмайды. Барлығы осы бір бөлменің ішінде болған. Бірақ, дәретханаға кіріп-шыққан кішкентай қыздың жан қиналысы көрінбейді. Одан соң ойнап, сабағына қатысып жүре береді. Тек екі сағаттан кейін жағдайы нашарлап, ақыры ата-анасына хабарлауына тура келіпті.

Зағипа Өмірсерікова, балабақша меңгерушісі:

- Бірақ енді ата-ананың айтуы бойынша, бір ауыр затпен ұрды деп айтады. Ол кішкентай баланы ауыр затпен қалай ұруға болады. Бала ғой ол. Сонымен мен енді баланы тәрбиеші ұрды деп айта алмаймын. РОВД-ның нәтижесін күтіп отырмын. Ол кісілер бізге айтты, кезінде өзіміз айтамыз деді. Сонымен мен ешқандай әрекет істеп отырған жоқпын. Тек қана күтіп отырмын.

Болған жағдай бойынша аудандық құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Соңғы сөзді солар айтады. Ал әуелде аурухананың жансақтау бөліміне түскен бүлдіршін бүгінде ем-домын қабылдауда.

Кішкентай Земфира қазір травматология бөлімінде жатыр. Беті бері қарады деуге келмейді, жағдайы орта деңгейде. Ал әкесі бұл істі жәй қалдырмай, облысқа дейін шағымданып, кінәліні қаматтырмай тынбаймын дейді. Әкесінің ашуы мен балағатына шыдамаған тәрбиеші де Исмайлдың үстінен шағымданып қойыпты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде