Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Олимпиада жүлдегері Юлия Галышеваны жерлестері үлкен думанмен қарсы алды
Пиоңшаң Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева Өскеменге келді. Қазақстан қоржынындағы жалғыз медальдың иегерін туған жері құшақ жая қарсы алды.
21.02.2018
Қазір Юлия әлемдегі ең мықты фристайлшылардың бірі. Оңтүстік Кореядағы 23- қысқы Олимпиадада ол 77,40 деген ұпаймен тек франциялық және канадалық спортшыларға есе жіберді. Юлия Қазақстан тарихында осы спорт түрінен олимпиада жүлдесін алған тұңғыш модулшы. Әзірге, Юлияның қоласы Пиоңшаңда біздің қоржынға түске жалғыз медаль. Сонымен Қазақстан 25-іншіі орында әлі тұр. Галышева жарыстан соң шетелдік мамандардан бірнеше шақырту алған екен. Бірақ ол өз елімнен ешқайда кетпеймін деп жауап беріпті. Ал туған жері Өскемендегі тосый сыйға толы шара соңында модулшы қыз жиналғандардың бәріне қолтаңба үлестіріп, олармен суретке түсті.
Юлия Галышева, XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері:
- Жеңіске жеткенімді алғаш рет Алматыға келгенде сезіндім. Жүлде менімен келді, ол барлық жанкүйерлерімнің медалі. Кореяда бұндай сезім болған емес. Қуанышымда шек жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram