Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Астанада тергеу изоляторында "Қазавтожолдың" экс-басшысы асылып қалды
Астанада тергеу изоляторында дарға асылып қалған Әділ Нығметовтың қазасының себебі анықталып жатыр. «Қазавтожол» мекемесінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы директоры ірі көлемде пара берді деп 3 жылға сотталған болатын.
Автор: Ербол Тұрымбет
30.03.2018
Нығметов Астанадағы тергеу изоляторында асылып қалған. Суйицидке баруының себебі әлі белгісіз. Естеріңізге салсақ, «Қазавтожолдың» басшылары мен аймақ филиалдары басшыларынан құралған 20 өкілі ірі көлемде пара беру дерегімен ұсталған еді. Солардың арасында Әділ Нығметов те бар. Олар бюджет қаржысын игерудегі құйтұрқылықтарын жабу үшін Есеп комитетінің 2 қызметкеріне 16 миллион теңге пара бермекші болған. Ақырында Нығметов 3 жылға қамалды. Алайда, өзін кінәсіздігін дәлелдемек болған ол апелляциялық шағым түсіргенімен, үкім өзгеріссіз қалған. Сөйтіп, ол тергеу изоляторына жабылып, соңғы кассациялық сотты күтіп жатқан болатын.
Ағылай Тұрланова, Қылмыстық-атқару жүйесі комитені баспасөз қызметкері:
-Өз өзіне қол жұмсау фактісін растаймыз. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тиісті тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. сотталған тергеу изоляторында шаруашылық жұмыстарын атқарып жүрген. Өлім алдындағы хатты қалдырған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram