Маңғыстау облысында 9 жасар бала жазатайым жағдайда қаза тапты.Достарымен ойнап жүрген Елдар Құлбеков электр бағанасына тартылғалы жатқан қалың сымды ұстап алған. Дәл осы кезде жұмысшылар баланы көрмей, сымды жоғарыға тарта бастапты. Онымен бірге көтерілген Елдар бағанаға қатты соғылған.
Маңғыстауда мектеп оқушысы токқа түсіп көз жұмды
Маңғыстауда мектеп оқушысы токқа түсіп көз жұмды

Маңғыстауда мектеп оқушысы токқа түсіп көз жұмды

Маңғыстау облысында 9 жасар бала жазатайым жағдайда қаза тапты.

Достарымен ойнап жүрген Елдар Құлбеков электр бағанасына тартылғалы жатқан қалың сымды ұстап алған. Дәл осы кезде жұмысшылар баланы көрмей, сымды жоғарыға тарта бастапты. Онымен бірге көтерілген Елдар бағанаға қатты соғылған. Бірнеше метр биіктіктен  құлаған мектеп оқушысы сол жерде жан тапсырды. Енді қаза тапқан баланың туыстары бұл оқиғаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан компанияны кінәлап отыр.

Дәулет ауылының тұрғындары бүгін жазатайым жағдайда қайтыс болған 9 жасар Елдар Құлбековті жер қойнына тапсырды. Ол өткен сенбі күні өз үйінен 500 метрдей жерде ойнап жүріп, қыршын кеткен. Мұндағы тұрғындар балалар қауіпсіз жерде ойнасын деп, ауыл сыртына алаңсыз жіберуді әдетке айналдырғанымен, бұл жолы өкінішке қарай, олай болмады.

Несібелі Жиенбаева, Елдардың әжесі:

- 7-8 баланың ішінде бәрі тұрғанда менің немерем барып ұстама деген екен.  Тыңдамаған. Ызғытып төбеден бір шықты дейді.

Оқиға болған мына жерде қан іздері әлі жатыр.Туыстарының айтуынша, Елдар жерде бағанаға тартылғалы жатқан қалың сымды ұстапты. Сол кезде мұны алыста жүрген жұмысшылар байқамай, сымды тарта бастаған. Өйткені, бағаналардың арасы 5 шақырымға жуық екен.

Саламат Құлбеков, Елдардың ағасы:

-Машинмен тартқан бұлар, бригада ары қарай тартқанда бала ұстап тұрған жері, ортада салбырап тұрғын жері туу ана шетке дейін барған, бағанаға дейін барған.

Қайғыдан қан жұтқан отбасы бұған электр бағаналарына сым тартып жатқан компанияның жауапсыздығы себеп болды деп отыр. Айтуларынша, жөндеу жұмыстары жүргізілген аумақты ешкім бақыламаған. Ал осы шаруаны атқарған «Әлнұр» компаниясының басшылығынан бұл оқиғаға қатысты түсініктеме алу мүмкін болмады. Әкімдіктегілер болса, бала өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанынан ғана хабардар етті.

Нұрберді Беков, Дәулет ауылдық аймағының әкімі:

-Қазіргі таңда сол болған оқиға бойынша біздің ішкі істер бөлімі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол кезде оқиға кезінде сол орында мекеменің көліктері және барлық жұмысшыларынан түсініктемелер алынып,ол кісілердің көліктері автотұраққа жабылды.

23-ші сәуір күні Елдардың 10 жасын тойлаймыз ғой деп отырғанда, қара жамылып қалған отбасы енді мердігер мекемені сотқа беруге дайындалып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.