{metadescription}
0:000:00
Рекордттық сома: Астананың 20 жылдығына 19 миллиард теңге жұмсалады

Рекордттық сома: Астананың 20 жылдығына 19 миллиард теңге жұмсалады

Мәдениет министрлігі мерекелік шараға осыншама қаржы жұмсайтынын айтты. Бірақ, ұлы тойдың шығыны сенаторларға ұнамай қалды.

Мұрат Бақтиярұлы, сенатор:

-19 миллиард теңге. Ол бес- алты күнде өтіп кететін шара ғой. Көп болса, бір жұма өтер ары кеткенде. Ал енді мына денсаулық сақтау мен мектеп салуға барлығы 7 миллиард теңге ақша жұмсалмақ. Бұл бірінші сұрақ. Қандай шаралар?

Елге ең қажетті нәрселерге келгенде ақшасын там-тұмдап жұмсайтын шенеуніктердің бұл жоспарын сенаторлар осылай сынап тастады. Мәселен, дәл осындай қаражат былтыр елдегі бүкіл мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын өсіруге жұмсалған екен. Бір айта кетерлігі, Астана күнін тойлауға кететін бюджет шығыны жыл сайын қарқынды ұлғайып келеді. Мәселен, 2009 жылы небәрі 120 миллион теңге жұмсалса, 2014 жылы 700 миллионға өскен. Ал биыл рекордтық көрсеткішке жетті. Ал қыруар қаржыға қарық болатын министрлік өкілдері шаралар апталық емес, жыл бойы жалғасады деп басу айтып отыр.

Сәкен Мұсайбеков, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

-Барлығы 18 миллиард 800 миллион теңге. Оған Астананың 20 жылдығын тойлау аясында 85 шара өткізу жоспарланған. Бізді Қаржы министрлігі толық қолдап отыр. Ол ақша бюджетте қарастырылып қойылған. Біз сол шараларды абыроймен атқарамыз деп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде