Өйткені, Қорғалжын ауданының соты, Жанат Омаровқа қозғалған қылмыстық істі тоқтатып, оны әкімшілікке ауыстырып тастаған. Істің бұлайша жұмсаруына сот сараптамасы себеп болыпты. Бірақ, атқамінерден таяқ жеген Диас Мұқанның анасы баласының жеңіл жарақат алғанын көрсеткен қорытындыға сенбей отыр.
Ақмола облысында сегізінші сынып оқушысын сабап тастаған экс-әкім жазадан жеңіл құтылуы мүмкін
Ақмола облысында сегізінші сынып оқушысын сабап тастаған экс-әкім жазадан жеңіл құтылуы мүмкін

Ақмола облысында сегізінші сынып оқушысын сабап тастаған экс-әкім жазадан жеңіл құтылуы мүмкін

Өйткені, Қорғалжын ауданының соты, Жанат Омаровқа қозғалған қылмыстық істі тоқтатып, оны әкімшілікке ауыстырып тастаған. Істің бұлайша жұмсаруына сот сараптамасы себеп болыпты. Бірақ, атқамінерден таяқ жеген Диас Мұқанның анасы баласының жеңіл жарақат алғанын көрсеткен қорытындыға сенбей отыр. Сондықтан, оны қайтадан тағайындатып,  сотқар әкімді қайтсемде жазаға тартқызам деп отыр.

Бұл әкімнен таяқ жеді деленген 14 жастағы Диас Мұқанның әке-шешесі. Айтуларынша, ұлдарын аяусыз соққан Жанат Омаров жазасыз қалуы мүмкін. Өйткені, 36 жастағы атқаменерге қатысты қылмыстық іс аяқ асты тоқтатылып, әкімшілікке ауыстырылыпты. Әрі экс-әкім алдыға анасы мен аудан депутаттарын салып, жәбірленушілерді кешірім беруге мәжбүрлеп жүр екен. 

ТӨЛЕГЕН КҮЛПЕЙІСОВ, ДИАСТЫҢ ӘКЕСІ:

-Менің баламды ойлап жатқан олар жоқ . Кешіріммен келіп тұр. Ал, негізі менің баламды емдетейін, осылай көмек берейін деп олар ойлап тұрған жоқ. Олар Жанат Омаровты ғана ойлап тұр мына жерде. Сол үшін келді. Ал, балам кеміс болып қалса не істейді ал?!

Аудандық судья да, Жанат Омаровты қылмыстық жауапқа тартатындай дәнеңе жоқ деп отыр. Айтуынша, сараптама тағайындалып, қорытынды шыққан. Соған сай, әкімнен соққы жеген сегізінші сынып оқушысы, мүлдем жеңіл жарақат алған екен. Сондықтан, істі әкімшілікке ауыстыруға тура келген.

ДАНИЯР ТЕМІРХАНОВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

-Сот медициналық сараптаманың негізінде қылмыстық жауапкершілікке тартылуға негіз жоқ болғандықтан, қылмыстық іс қысқартылып, әкімшілік хаттаматолтырылды. Өйткені, сараптама негізінде денсаулыққа жеңіл жарақат келтірілді деп айтылды.

Бірақ, жеңіл жарақат алды дегенге Диастың ата-анасы келіспей отыр. Айтуларынша, Астанада айға жуық емделген ұлдары әлі күнге дейін толық айықпаған. Үнемі басы ауырады. Сондықтан, істің тоқтағанына қарсылық білдіріп, қайтадан сараптама тағайындауға өтініш білдірген. Мұны судья қолдапты. Сол үшін мамандар жасөспірімнің денсаулығына қандай зақым келгенін екінші тексеріп жатыр. Бірақ, бұдан нәтиже өзгереріне жәбірленуші тарап күмәнмен қарайды.

-Жүгіріп келді да жағымнан соқты. Мен орындығыммен құладым да басымды тумбочкаға соғып алдым. Сол кезде мен есімді білмедім талып қалдым. 

Оқыс жағдайдың өзі екі жарым ай бұрын Қорғалжын ауданындағы мына мектеп-интернатта болған. Осында сегізінші сыныпта оқитын Диас Мұқан өзінен бір жас кіші оқушымен  шекісіп қалады. Сөйтсе, таяқ жеген жасөспірім әкімнің баласы болып шыққан. Кейін ұлы үшін өш алған атқамінер Диасты бөлмесінде сабап тастаған.
-Атқамінерден таяқ жеген Диас Мұқан қазір интернатқа қайта оралған. Бірақ, сабақты көп босатқандықтан, үлгерімі нашарлап кетіпті. Ал, оның анасы мен экс-әкімнің арасындағы тартыс әлі біразға созылатын түрі бар. Өйткені, қайтадан тағайындалған саратама бір айға жуық жасалуы мүмкін.

Егер сараптама өзгеріссіз қалса, экс-әкім әкімшілік баппен ғана жазаланады. Яғни, 35 мың теңге айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке қамалады. Ал, қорытындыда Диастың денсаулығына айтарлықтай зақым келгені расталса, осы оқиғадан соң жұмыстан қуылған Жанат Омаров екі жылға дейін сотталуы мүмкін.

Кеше0

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.