Сол үшін әркім қолындағы смартфонын жылдың соңына дейін бірыңғай базаға тіркеп үлгеруі керек. Онда ұялы телефонның IMEI-кодынан бастап, иесі жайлы мәлімет яғни, аты-жөні және жеке сәйкестендіру нөмірі жазулы тиіс. Тіркеу интернет арқылы онлайн жүргізілмек.
​Елімізде келесі жылдан бастап тіркелмеген телефондар  жаппай бұғатталады
​Елімізде келесі жылдан бастап тіркелмеген телефондар  жаппай бұғатталады

​Елімізде келесі жылдан бастап тіркелмеген телефондар жаппай бұғатталады

Сол үшін әркім қолындағы смартфонын жылдың соңына дейін бірыңғай базаға тіркеп үлгеруі керек. Онда ұялы телефонның IMEI-кодынан бастап, иесі жайлы мәлімет яғни, аты-жөні және жеке сәйкестендіру нөмірі жазулы тиіс.

Тіркеу интернет арқылы онлайн жүргізілмек. Бірақ, қай сайтта екені әзірге белгісіз. Бір анығы жауаптылар мұны барынша тез және ыңғайлы етуді жоспарлап отыр. Мұндай база ұрланған немесе контрафактілі жолмен келген ұялы телефондарды анықтауға, терроризмнің алдын алып, қылмыскерлерді табуға таптырмас көмек дейді мамандар. Өйткені, қазір смартфонның IMEI коды болғанымен, оның кімге тиесілі екенін анықтау қиынға соғады. Егер базаға тіркелген болса, қожайынды бірден табуға болады. Ал, тіркелмеген телефондар жаппай бұғатталады.
 

ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРІ:

-Тұрғындар байланыс құрылғысын жылдың соңына дейін тіркеуі тиіс. Өйткені, келесі жылдан бастап, тіркелмеген телефондарға сим-карта салынғанымен жұмыс істемейтін болады. Яғни, смартфонды қолдану үшін базаға тіркелуге тура келеді.

Вчера6

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...