{metadescription}
0:000:00
Суицид па?: Қарағандыда сабақтан соң қала сыртына кетіп қалған қызды пойыз басып кетті

Суицид па?: Қарағандыда сабақтан соң қала сыртына кетіп қалған қызды пойыз басып кетті

Қарағандыдағы мектептің 11-ші сынып оқушысы жұмбақ жағдайда қаза тапты. 18 жастағы Венера Жақыпованы қаладан 100 шақырым жерде пойыз басып кеткен. Қаралы хабардан естіген мұғалімдердің айтуынша, оның тәртібі мен үлгерімі жақсы болған. Сынақ ретінде өтетін бірыңғай ұлттық тестілеуден де 100 балдан жоғары алып жүріпті.

Сарыбел және Анар станцияларының арасында сағатына 100 шақырым жылдамдықен келе жатқан пойыз машинисі рельске шыққан адамды көргенде бәрі кеш болыпты. Тежегішті тартқанымен, тоқтай алмаған ауыр отарба Венера Жақыпованы басқан екен. Оқушы сол күні тіпті сабақтардың барлығына қатысып кеткен.   

Құралай Көбекова, № 93 гимназия директорының орынбасары:

-Көз алдымызда өскен бала болғандықтан, әрине, бізге өте ыстық. Ол қыздың орны босап қалды деп айтсақ та болады. 11 сынып оқушыларының айтуынша оның көңіл күйінің түсіп тұрғаны, бірнәрсеге өкпелеп тұрғандығын байқамадық дейді.  

Венераның анасы осыдан 10 жыл бұрын қайтыс болыпты. Содан бері ол әкесі мен аға-жеңгесінің қолында өскен. Мұғалімдері олардың балаға берген тәрбиелеріне сын айта алмаймыз дейді. Ал қыз суицидке барды ма әлде бұл оқыстан болды ма, ол жағын полицейлер әзірге айта алмай отыр.

-Енді олар «темір жол көлігі қозғалысы ережесінің бұзылуы» деген баппен қозғапты. Венераның сабақтан кейін қаладан 100 шақырым жерде не істеп жүргені де әзірге жұмбақ. Оның денесі ертең жер қойнына тапсырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде