{metadescription}
Менингит салдары: Алматыда бұл дерттің ауыр түрі белең ала бастады
Менингит салдары: Алматыда бұл дерттің ауыр түрі белең ала бастады

Менингит салдары: Алматыда бұл дерттің ауыр түрі белең ала бастады

Кәдімгі тұмаудың арты ми ауруына ұласқан. Тағы бір алматылық оқушының менингитке шалдығуына қатысты дәрігерлер болжамы осындай. Бесінші сыныпта оқитын қыздың денсаулығы 4 күн бұрын сыр беріпті. Анықталғандай, ол дерттің серозды түріне шалдыққан. Тиісті ем алған соң, науқастың беті бері қарады.

Құралай Ошанова, №165 мамандандырылған лицей директоры:

-Мектепке келуге рұқсат. Сондықтан, мектепте карантин жариялаған жоқ.

Алдымен оқушы суық тиіп ауырған. Ал, иммунитеті әбден әлсіреген кезде энтеровирусты инфекция жұқтырған болуы мүмкін. Бұл жұқпадан менингит туындайды. Оған көбіне жуылмаған жеміс-жидекті тұтыну, лас су қоймаларында шомылу себеп болады. Науқас үйіне жіберілгенімен, мамандар оған жасалған сараптама нәтижесін әлі күтуде. Әйтеуір, ауру мектептегі өзге балаларға таралмапты. Қазір оқушылар емтихан тапсырып жүр. Сондықтан, ақ халаттылар қауіпті дерт тіркелген мектепке кірген-шыққан адамның денсаулығын жіті бақылауда. Менингит мидың қабыну жағдайына байланысты іріңді және серозды болып бөлінеді. Серозды түрі жазда өршиді екен. Биыл Алматыда менингитке байланысты 50 адам тексерістен өтіп, 23-іне осы диагноз қойылған. 4 адамның қаза тапқанын да еске салайық. Ауру белгілері анықталған бойда, дәрігерге қаралған абзал. Сонда ғана аман қалуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде