{metadescription}
0:000:00
​Алматыда алғашқы сандық көрме ашылды

​Алматыда алғашқы сандық көрме ашылды

Оңтүстік астанамыздың негізгі аллеясына айналған Панфилов көшесі енді қаламыздың көркем суреттерімен безендірілді. Фотокөрмені Samsung Electronics компаниясы  ұйымдастырды.

Ұлттық парк, тәуелсіздік монументі, медеу мұз айдыны сынды қаламыздың бетке ұстар жерлері, мына стендтерде заманауи түрде жасалған. Түрлі түспен боялған суреттер мұнда шынайы шыққан. Себебі  картиналарға бірнеше пластик түрлері қолданылыпты. Озық технология арқылы мегаполистің көріністері ажарлана түскен.

Қаламқас Мәмбетеева , «Samsung Electronics Central Eurasia» компаниясының өкілі:

-Біз бүгін компаниямыздың атынан қала тұрғындарына және көрме қонақтарына арнап «Алматыдагы бір күн» кітабын сыйға тарттық. Ол кітапта көрмедегі барлық фотосуреттер мен мәліметтер бар.

Сондай-ақ, Samsung Electronics компаниясының жаңа заманаиуи QLED теледидары келушілерді таң қалдырды. Бұл заманауи теледидардың түсі анағұрлым қанығырақ, дыбысы жарқынырақ. Жана Ambient Mode режимі кеңістіктің жалғасы әсерін береді. 

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

-Бүгінгі көрме әрине оның үлесі, Алматы қаласын ары-қарай көркейтуге оны дамытуға халыққа халықаралық деңгейде оны нәсихаттауға үлесі өте зор деп ойлаймын. Сондықтан мына Самсунг компаниясының басшылығына алғыс айтқым келеді.

Көрмеге 50 -ден астам фотосуреттер қойылған. Әрі мұнда келушілер мегаполистің тыныс-тіршілігін тек іште ғана емес, сырттағы аллеяда тамашалай алды. Саябақты аралап, түрлі суреттермен танысу қонақтарға ерекше әсер қалдырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде