Ақмолада станса бастығы парамен ұсталды
Ақмола облысында теміржол станциясының бастығы ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. «Қазақстан теміржолына» қарасты «Көкшетау» станциясын басқаратын Еркис Молдақов жеке компанияға «қамқорлық» жасағаны үшін пайда таппақ болған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
18.07.2018
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Еркис Молдақовты 600 мың теңге пара алды деген күдікпен ұстаған. Көп жылдан бері теміржол саласында еңбек ететін 49 жастағы азамат, бұл ақшаны өзінің қарамағындағы қызметкерден шойын жолды жөндеп жатқан серіктестікке қолдау көрсету үшін алған деген күдік бар. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Станция бастығы әзірге бостандықта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!