Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Храпуновтардың ұлы жымқырған ақша екі есе көп боп шықты
Ілияс Храпунов БТА банкіне 500 миллион доллар қайтаруы керек. Ұлыбритания соты қашқын Виктор және Ләйлә Храпуновтардың ұлына қатысты осындай қаулы шығарды.
24.08.2018
Тұманды Альбиондағы тергеушілердің мәліметінше, Ілияс аталған банктің бұрынғы басшысы әрі қайын атасы Мұхтар Әблязовпен ауыз жаласып, банктің 6 миллиард долларын қолды қылуға көмектескен. Құжатқа сәйкес, олар қарапайым адамның түсіне де кірмейтін қаржының бір бөлігін АҚШ президенті Трамптың жылжымайтын мүлікпен айналысатын империясына аудару арқылы да жымқырыпты.
Храпнуовтың баласына Аггарвала есімді ағылшын есепшісінің көмегі тиіпті. Ол оффшорлық компаниялармен жұмыс істеуді жақсы меңгергендіктен, миллиардтарды небір айла-амалмен жасырып келген. Тіпті сол қаржының артында Әблязовтың тұрғанын жан баласына сездірмеген. 500 млн доллар Ілиясқа берілген ауызбастырық болуы ықтимал.
Айта кетейік, қазір Алматыда Ілиястың ата-анасы Виктор мен Ләйланың да ісі қаралып жатыр. Экс-әкім мен оның жары мемлекеттің ақшасын талан-таражға салды, қызметін асыра пайдаланды, қылмыстық топ құрды деп айыпталуда. Ерлі-зайыпты Храпуновтардың мемлекетке келтірген шығыны 250 миллион доллар. Ал балаларының жымқырған ақшасы екі есе көп боп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram