Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Астанада журналист келіншекті ұрып өлтірген күдікті ұсталды
Полицейлер 34 жастағы Анатолий Гусейновты төрт күн іздеп, Елордадан 60 шақырым жердегі қараусыз қалған ғимараттан тапты.
Автор: Жәудір Оразхан
28.09.2018
Марқұмның азаматтық некедегі жұбайы Гусейнов аяқ асты сау ете қалған сақшыларды көргенде абдырап қалған. Сол жерде қолына кісен салынып Астанадағы изоляторға жеткізілді. Естеріңізге салсақ, Елордада республикалық сайт тілшісі 37 жастағы Ирина Бекетованың өлі денесі өз үйінің кіреберісінде табылған еді. Журналисті жақындары мен әріптестері «Нұр Астана» мешітінен ақтық сапарға шығарып салды. Марқұмның артында төрт баласы қалды.
Алмас Сәдубаев, Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:
- Бекетованы өзімен бірге тұратын Гусейнов Анатолий қызғаныштың кесірінен ұрып-соғып өлтіргені анықталды. Қылмыскерді қолға түсіру кезінде ол ешқандай қарсылық білдірмеген. Қашып кетуге де тырыспаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram