Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Астанада әділет полковнигі алған парасын жағып жіберді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің екі бірдей белді өкілін ұстады.
Автор: Ербол Тұрымбет
09.10.2018
Оның бірі Ішкі істер министрлігі көліктегі ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары. Ол «Қазақстан отын энергетикалық кешені» серіктестігінің өңірлік басшыларынан жалпы қамқорлығы үшін шілде-қыркүйек айлары аралығында 2,4 миллион теңге көлемінде пара алып отырған. Ал компанияның өңірлік басшылары қоймалардан дизель отынын ұрлаумен айналысқан. Ал екіншісі – Ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің арнайы есеп бөлімшесінің басшысы, әділет подполковнигі екен. Ол қызметтік бабын пайдаланып, алаяқтық жасағысы келіпті. Яғни, Ақтөбе облысындағы түзеу мекемесіндегі сотталушыны Ақмола облысына ауыстырып берем деп 6800 доллар сұраған. Соның 2800-ін қаладағы кафелердің бірінің жанында өз автокөлігінде делдалдың қолынан алып жатқанда қолға түсіпті. Тіпті құрыққа ілінгенде,параның бір бөлігін жағып жіберген.
Жанна Бастарова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
-Күдікті ұстау барысында ұлттық бюро қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Қылмыс орнынан бой тасалауға әрекет жасаған және ақша түріндегі заттай айғақ заттардың жартысын жойған. Қазіргі таңда фактілердің бұлтартпастығын ескере отырып, ол толығымен өз кінәсін мойындады. Тергеумен әрекеттесуге ынта білдірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram