Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жамбыл облысында ұзақ мерзімге сотталған жігіт өзіне қол саламын деп сес көрсетті
Жамбыл облысында тұтас бір аудан жұртын үрей құшағында ұстаған қылмыскерлерге сот үкім кесті. Үйлерді тонап, үш адамды зорлап, әрі 68 жастағы зейнеткерді мерт қылған қаскөйлердың алды 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда сотталғанның бірі сот шешімімен келіспей қиғылық салды. Тіпті ол наразылық ретінде өз-өзіне түрмеде қол салатынын мәлімдеді. Сонымен үш сотталушының қайсысы қандай жаза арқалады.
Автор: Руслан Әбдіхалық
23.01.2019
Айыпталушыларды сот залына айдауылдар алып келді. Арнайы күзет те, жазықтылар да тегіс медициналық бетпердемен жүр. Себебі сотталушының бірі туберкулездің ашық түрімен ауырады. Сол дімкәс Денис Куцевой залда қиғылық салды. Бақандай 17 жыл арқалаған ол үкіммен келіспейтінін айтып, өзіне қол саламын деп сес көрсетті.
-Я вынужден повеситься, так как я не согласен с приговором, так как вы не объективно рассматривали дело вместе с прокурором. Прошу Вас в моей смерти винить. Заявление написано на генерального прокурора РК, на имя господина Қожамжарова.
Атышулы іске үш қаскөйдің қатысы бар. Үшеуіне де судья аяушылық танытқан жоқ. Алды 19, екіншісі 17, соңғысы 14 жылға түрмеге қамалатын болды. Бұларға тонау, қарақшылык барысында абайсызда адам өлтіру және топ болып кісі зорлау баптары бойынша айып тағылған. Белгілі болғанындай, екеуі екі әйелді кезек-кезек ермек қылса, біреуі жасөспірім қызға қиянат жасаған.
Азамат Тілепов, судья:
-Үшеуі де қарақшылыққа қатысқандарын мойындады. Тергеуде де. Тек үш жәбірленушіні зорлаған жоқпыз деп мойындаудан бас тартты. Бірақ тергеуде Сәбитов пен Куцевой мойындаған. Тек Омаров қана мойындамады. Оған кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деп айып тағылған.
Қоғамдық пікірдің тууына себепкер болған оқиға өткен жылдың тамыз айында болды. Қордайлықтарға қырғидай тиген әккі ұрылар 68 жастағы зейнеткердің үйіне түсіп, оны жұбайымен өлімше етіп сабаған еді. Алған ауыр жарақатынан Владимир Бойко бір аптадан соң көз жұмды.
Алексей Спирякин, куәгер:
-Мен келгенде зейнеткер әйел дәл осы жерде қансырап жатты. Қаскөйлер мені көре сала маған қарай жүгірді. Біреуі қолындағы сойылмен төпелей бастады. Қолымды тосып қорғандым. Сол сәтте ұрылар кері шегініп, қашып кетті.
Ал қаскөйлер тек бір жарым айдан соң қолға түскен. Айта кетейік, осы сұмдық қылмыстарды сотталушылар бір-ақ күнде жасаған. Енді жазықтылар ұзақ мерзімге түрмеге жабылуымен қоймай, жәбірленушілерге моральдық және матералдық шығын есебінде 5 млн. теңге төлеуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram