{metadescription}
0:000:00
Алматыда жүргізушілер «Оңайды» өшіріп тастаған

Алматыда жүргізушілер «Оңайды» өшіріп тастаған

Алматыда «Оңай» электрондық төлем жүйесінен тағы шу шықты. Шағымданушылардың айтуынша, кешкілік автобус жүргізушілері «Оңайды» өшіріп тастап, жолаушылардан қолма-қол ақша жинауға көшкен. Тіпті, даулы іске қалалық көлік холдингі араласып, мұндай заңсыздықтардың барын анықтапты.

Игілік Қаңтарбай, Алматы қаласының тұрғыны:

-Кешкі уақытта бір жерге баруға тура келген. Автобуска кіргенде бірден заңсыздықты көрдім. «Оңай» аппаратын өшіріп тастап, адамдардан 80 теңгеден жинап жатыр екен.

Игілік Қаңтарбайдың айтуынша, қоғамдық көліктегі бассыздық 16-шы бағытта жүретін автобуста болыпты. Бірақ, жүргізуші мен кондуктор мардымды жауап бере алмай мүдірген. Ал, Алматы қалалық көлік холдингінің өкілдері де автобуста қолма-қола ақша жиналғанын растап отыр. Өкініштісі, көп жағдайда аппарат істен шықпаса да жүргізушілер жымысқы әрекетке барып, түскен теңгелерді қалтасына басып отырған.

Садир Хамраев, Алматы қаласы көлік холдингінің директоры:

-Барлық жайтты анықтаған соң «Автотрангаз» тасымалдаушы компаниясына хабарластық. Кейін олар бұл оқиғаға қатысты адамдардың жұмыстан шығарылғанын жеткізді. Әрине, мұндай олқылық өзге бағыттағы автобустарда да кездеседі. Егер осындай жағдай жүйелі түрде қайталанса әкімдікке арнайы хат жазып, қатаң шара қолдануын талап етеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.