{metadescription}
0:000:00
Елімізде қатерлі ісік ауруын анықтайтын молекулалық-генетикалық тестілеу енгізілмек

Елімізде қатерлі ісік ауруын анықтайтын молекулалық-генетикалық тестілеу енгізілмек

Елімізде биылдан бастап молекулалық-генетикалық тестілеу енгізілмек. Зерттеудің жаңа түрі онкологиялық ауруларды ерте кезден анықтауға мүмкіндік береді. Әрі қатерлі істіктің молекулаларына терең талдау жасап,  ем жүргізудің тиімді жолын көрсетеді екен.

Тегін жасалатын мұндай зерттеу, Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында жүргізілмек. Ол үшін республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінген. Ал осы кезде онкологиялық ауруға шалдыққандар саны артып барады. Денсаулық сақтау минитсрінің мәліметінше дәл қазір 181 мың қазақстандық қатерлі ісік пен тіркеуде тұр. Әсіресе, өкпе, асқазан және сүт бездерінің обыры көп кездеседі. Сол үшін бүгін мәжіліс депутаттары аты жаман ауруға шалдыққандарды шетелде емдеу туралы бастама көтерген еді. Бірақ, еліміздің бас дәрігері бұл дұрыс емес дейді.

Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі:

- Қатерлі ісікпен ауыратындардың барлығын бюджет қаржысы есібінен шетелде емдеуге түбегейлі қарсымын. Әлемнің ешбір елінде мұндай тәжірибе жоқ. Оның үстіне, бұлай жасасақ отандық медицинаның дамуына кедергі келтіреміз. Сол үшін Қазақстанда емделуі мүмкін емес науқастарды ғана шетелге жібереміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде