Елордада синоптиктер соты басталды
Айыпталушылар орындығында – «Қазгидромет» республикалық мекемесі бас директорының бұрынғы бірінші орынбасары Нұркен Сұлтанов пен Қарағанды облыстық филиалының директоры Роман Андрианов.
Автор: Ербол Тұрымбет
29.05.2019
Қос басшыға ауа райын болжауға қажетті радар қондырғыларын сатып алу бойынша кәсіпкерден 26 миллион теңге алды деген айып тағылған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оларды биыл 17-ші қаңтарда үлкен көлемдегі ақшаны алып жатқан сәтінде қолға түсірген болатын. Олар осындай жолмен тендер бойынша радар сатып алып беретін кәсіпкерден ақша алмақшы болыпты. Айыпталушылардың екеуі де сот отырысында бет-жүздерін камераға түсіруге қарсы болды. Ал кәсіпкер тендер үшін қанша пара бергенін тәптіштеп айтып берді.
Әлия Нұрақышева, куәгер:
- Жалпы 26,5 миллион теңге берілді. Бірінші 9,5 миллион, екінші ретте 17 миллион теңге. Бірден бере салу қиын қазір. Үлкен ақшаны банктен шешіп алу үшін оны дәлелдеу керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!