Таспихов кадр тапшылығы жайында айтты
Ұжымдық келісім ұтымды еңбек кепілі. Президенттікке кандидат Амангелді Таспиховтың сайлауалды штабы Семей өңірінде ірі агрокешен жұмысшыларымен кездесті. Сондай-ақ, білім саласын да назардан тыс қалдырмады. Осы орайда еңбекақы мен маман тапшылығы жайында бірқатар мәселелерді талқылады.
Автор: Салтанат Шырынхан
03.06.2019
Елімізде ветеринар, агроном, және білікті техниктер жетіспейді. Себебі ауыл шаруашылығы мамандарының еңбекақысы мардымсыз. Осының кесірінен жастар да барғысы келмейді. Саладағы кадр тапшылығын реттеу үшін түрлі мемлекеттік бағдарлама қабылданғанымен әзірге нәтижесін бермей отыр деді Таспиховтың сенімді өкілдері. Сондай-ақ, кандидаттың тұғырнамасының ең негізі еңбеккердің құқығын қорғау екенін атап өтті.
Совет Ыбраев, Салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы:
- Мәселе еңбекақы көтеру жағынан. Жұмысшылардың жағдайын көтеру және еңбек қорғау жағынан. Білім саласын алсақ ондай проблемалар бар. Көп туатыны мұғалімдердің жалақы мәселесі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!