Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бұл сайлау несімен ерекше?
Бұл сайлау бұрынғылардан өзгерек. Өйткені, бірінші рет бюллетенде 7 үміткердің арасынан таңдау жасау қажет. Орталық сайлау комиссиясы бұрын-сонды осыншама үміткерлерді тіркемеген.
Автор: Асқарбек Қазанғап
09.06.2019
Бюллетенде әліпби тәртібімен бірінші Жамбыл Ахметбеков жазылған. 58 жаста. Қазақстан коммунистік партиясының атынан аламанға түсіп жатыр
Дания Еспаева. Қазақстан тарихында ерлермен иық тірестіре сайлауға түсіп жатқан алғашқы әйел үміткер. 58 жаста. «Ақ жол» партиясының өкілі
Әміржан Қосанов. 55 жаста. «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі
Төлеутай Рахымбеков. 55 жаста. «Ауыл» партиясының сайлау додасына қосқан үміткері. Амангелді Таспихов. 59 жаста. Қазақстан кәсіподақтары федерациясының өкілі Қасым-Жомарт Тоқаев. 66 жаста. «Нұр Отан» партиясының атынан үміткерТізімді Сәдібек Түгел аяқтайды. 64 жастағы үміткер «Ұлы дала қырандары» бірлестігінен сайлауға түсті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram