{metadescription}
0:000:00
Жамбылдықтар сайлауды концертке айналдырып, елдің көңілін көтерді

Жамбылдықтар сайлауды концертке айналдырып, елдің көңілін көтерді

Биылғы Президент сайлауы креативке толы болуда. Әр өңір таңдау жасаушыларды дауыс беруге шақыру, әрі олардың көңілін аулау үшін түрлі тәсілдер қолданды. Бұл ерекшеліктер өз нәтижесін берді. Себебі кей өңір халқының белсенділгі осыдан кейін күрт артқан.

Жамбыл облысындағы әр сайлау учаскесінде таңнан бері ән-күй ойнап тұрды. Оның жаңғырығы тіпті түстік жерден естіліп жатты. Осылайша ел-жұрт таңдау жасауға көтеріңкі көңіл-күймен келді. Аймақта дауыс берушілердің аш құрсақ жүрмеу жағы да қарастырылған. Оларға сайлау учаскелерінде тегін-ас су беріліп, естелік сыйлықтар да табысталды. Ал бұл тәсілдер расымен жұрттың белсенділігін арттырған.  

Серғали Айдапкелов, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Облыс бойынша жалпы сайлаушылардың тіркелген саны. Күндізгі саған 10-ға дейін сол сайлаушылардың 18,5 пайзызы қатысса, күндізгі сағат 12 де 43,7 пайыз қатысып отыр. Біздің пікірімізше Жамбыл облысы сайлаушыларының сайлауға деген белсенділігні жоғары деп есептейміз. 

Ал еліміздің шығысында «дауыс беріп, жүлде ұт» акциясы өтті. Оған қатысу үшін таңдау жасағаннан кейін сайлаушылар дәл осылай суретке түсіп, әлеуметтік желіге салуы тиіс. Ең көп лүпіл жинаған адамға қымбат қалта телефондары беріледі. Бірақ оның қорытындысы бірнеше күнннен кейін анықталмақ.  

Ернат Смайылов, белсенді:

- Қызығушылықтары жоғары. Кейбіреуі естелік ретінде, енді біреуі Instagram-да көрсетілген бағалы сыйлықты ұту мақсатында суретке түсуде. Қортындысы 11 маусым күні сағат 12-ге таман тікелей эфирде шығады.

Ал, Алматы жұрты әйгілі рессей циркінің өнерін тегін тамашалауға мүмкіндік алды. Өңірде гастрольдік сапармен жүрген өнерпаздар тығыз кестеге қарамастан құрамдағы жалғыз қазақты қолдауға келген. Ринат Қажмағанбетов өз таңдауын жасап болғасын, әріптестері халыққа қойылым ұсынды.  

Ринат Қажмағамбетов, цирк әртісі

- Цирктегі жұмыстан келіп, болашақ президентке дауыс бердім. Құдай қалап, Алла жазса, болашағымыз аман болсын! Қазақстан жұртына бақыт тілеймін.

Ал Атырау академиялық қазақ драма театр әртістері жұртты қатты таңқалдырды. Бүкіл ұжым дауыс беруге қазақы нақышта киініп келген. Олар кірген бойда сайлау учаскесін думанға бөледі. Бұл ән мен жырдан төгілген шашу сайлаушыларға кедергі болмады. Керсінше серпілтіп тастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.