{metadescription}
0:000:00
«Мереке сияқты!» Шетелдік бақылаушылар елдегі сайлау науқанына таң қалды

«Мереке сияқты!» Шетелдік бақылаушылар елдегі сайлау науқанына таң қалды

Қазақстанда сайлау мереке сияқты. Еліміздегі саяси науқанға келген шетелдік бақылаушылар осылай деп таң қалып жатыр. Әсіресе, отбасымен бірге мұнтаздай киініп келетін үлкен кісілер шетелдік қонақтардың назарына ілігіпті. Араларында бақылаушы жұмысын алғаш Қазақстанда бастап отырғандары да бар.

Мына кісілердің шетелден келгенін түрлеріне қарап емес, мойнына таққан бейджигінен байқауға болады. Таң атқаннан кеш батқанша осы орыннан тапжылмай сайлаудың қаншалық заңға сай өткенін қадағалайды. Карлос Уриарте Санчес Испаниядан келген екі бақылаушының бірі. Осы қызметті өмірінде бірінші рет Қазақстанда атқарып тұрған беті екен.

Карлос Санчес, испаниялық бақылаушы:

- Осы Нұр-Сұлтан қаласының сайлау учаскелерін қадағалаймыз. Тоқаевтың дауыс берген сәтін де бақыладым. Бәрі ойдағыдай. Ешқандай кемшілік жоқ, әзірге тыныш өтіп жатыр. Бұл жоғары деңгейде ұйымдастырылғанының арқасы деп ойлаймын.

Жұрттың қалай дауыс беріп жатқаны шетелдік тілшілерге де қызық. Саяси науқанға шыртай киініп келген мына атаны америкалық тілшілер сұрақтың астына алды.

Сербиядан келген Драгомир Карич шетелден келген 1013 бақылаушының бірі. Оны біздегі сайлаудың мерекелік көңіл-күймен өтетіні қызықтырыпты. Айтуынша, Сербияда жұрт сайлауды қосымша жұмыс, артық ауыртпалық ретінде көреді.

Драгомир Карич, сербиялық бақылаушы: ауд.

- Сайлау сіздерде мереке сияқты өтеді. Үлкен кісілер отбастарымен әдемі киініп келеді. Бұрындары келгенде концерт ұйымдастырылғанын көргенбіз. Бізде соңғы 7 жылда 6 рет сайлау өтті. Бірақ мұндай көңілді емес. Ал Грекияда сайлауға бармағаны үшін айыппұл төлейді.

Шетелдік бақылаушылар дауыс беру біткенше, яғни, кешкі 8-ге дейін сайлау учаскелерінде болады. Ал қорытындыларын ертең шығарады. Қай жерден кемдік көргенін, кімнің заң бұзғанын Орталық сайлау комиссиясына ресми құжатпен тапсырады. Бірақ оны өз атынан емес, тек халықаралық ұйым атынан ғана бере алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде