{metadescription}
Түрмеде қорлық көрдім деген трансгендердің адвокаты бұл жағдайды бас прокуратураның қадағалағанын қалайды
Түрмеде қорлық көрдім деген трансгендердің адвокаты бұл жағдайды бас прокуратураның қадағалағанын қалайды

Түрмеде қорлық көрдім деген трансгендердің адвокаты бұл жағдайды бас прокуратураның қадағалағанын қалайды

Қысым тоқтамай тұр. Трансгендер Виктория Берікқожаева күні кеше Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері түрмеде қорлағанын мәлімдеген еді. Адвокаты Айман Омарова бас прокуратура бұл жағдайды жіті назарына алмаса іс сотқа жетпей қала ма деп алаңдаулы. Виктория болған оқиғаны бізге телефон арқылы өз аузымен баяндады.

Виктория Берікқожаева, жәбірленуші:

- Оған әйел ретінде ұнағанымды айтты. Және қызығушылығын оятқан екенмін. Сондай-ақ, іштегі 2 қызметкерді қылмыстық іске итермелеп, ұстап беруімді тапсырды. Ондай әрекеттен бас тартқандықтан сексуалдық сипаттағы зорлау әрекетіне барды. Екі күн қатарынан жасаған ұятты тірлігін ашып беретін дәлелім болмады. Ал үшіншісінде киімімнің барлығы былғанды. Соны дәлел ретінде тапсырдым.

Адвокаттың айтуынша, сексуалдық сипаттағы әрекет колония басшылығының кабинетінде болған. Сондай-ақ, ұятты әрекетке мәжбүрлеген қызметкер абақтыға еркін кіре алатын көрінеді. Ал трансгендерді зорламақ болған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қай қызметкері екені әлі де белгісіз.

Айман Омарова, В. Берікқожаеваның адвокаты:

- Мекеменің бастығы Рахманов «мен кім екенін білмеймін» дейді. Сонда қалай білмейді? Кімді кіргізіп жүргенін білмей ме сонда? Осы мекемеде істейтін адам болса айтар еді. Егер ол басқа адам болса да айтар еді. Ол ұшып-қонып келмейді ғой. Ол жабық мекеме. Түрмеге кіріп көріңізші өзіңіз. Қалай кіресіз?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде