{metadescription}
0:000:00
Бақытжан Сағынтаев: Жекеменшік балабақшалар бағаны негізсіз өсіреді

Бақытжан Сағынтаев: Жекеменшік балабақшалар бағаны негізсіз өсіреді

Жекеменшік балабақшалар бағаны негізсіз өсіреді! Алматы қаласының әкімі дәстүрлі тамыз кеңесінде мектепке дейінгі мекемелердің жай-күйіне ерекше тоқталды. Білім саласының мамандарымен кездескен Бақытжан Сағынтаев бірқатар тапсырмалар берді.

Әкім алдымен жекеменшік балабақшалардағы үйірмелердің бағасын жіті тексеруге пәрмен берді. Өйткені, қалта қамын күйттеген кәсіпкерлер сападан бұрын ақша жинауға әдеттенген. Қазір ата-аналар қаладағы осындай орталықтарға айына 50-70 мың теңгеге дейін төлеп жүр. Оған әр бала үшін жеке балабақша иесіне мемлекет тарапынан берілетін 28 мың теңге тағы бар. Сондай-ақ, Сағынтаев шаһарда балабақша мен мектепте орын тапшылығы барын айтты. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр дейді әкім.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

- Балабақша кезегі жыл сайын ұлғайып жатыр. Бүгінде бұл көрсеткіш 56 мыңға орынға жетті. Бірақ жекеменшік балабақшалардың бағалары өте қымбат. Олар әр ата-анамен келісім-шартқа отырып, қосымша қызметке ақы алады. Мұндай қымбатшылықты тоқтату қажет. Айта кетейін, Алматыда балабақша мен мектептерде орын жетіспейді. Сондықтан алдағы үш жылда қала қазынасынан 6,5 млрд теңге бөлінетін болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде