{metadescription}
0:000:00
Сұмдық! Таразда 54 жастағы әйелді ит талап өлтірді

Сұмдық! Таразда 54 жастағы әйелді ит талап өлтірді

Таразда 54 жастағы әйелді ит талап өлтірді. Оның денесінің түгі қалмай тістелген. Алған жарақатының ауыр болғаны сонша, дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады. Көп қан жоғалтан науқас ауруханада көз жұмды. Сұмдық оқиғаның қалай болды?

Күндізгі сағат бес шамасында көшені басына көтерген әйелдің жан дауысы естілді. Ауылдастары дереу көмекке шақырған үйге қарай тұра жүгірген. Сөйтсе, аулада әйел итке таланып жатыпты. Оны төбелес құмар ірі питбуль тұқымдас ит қапқан.  

- Ана бұрышта талап жатты. Содан сүйреп, мына жерге алып келді. Мына араға алып келді. Сол кезде ломмен ұрдым.

Бірақ басына темір тисе де, төбет тынышталмаған. Жануар 54 жастағы кісіні сүйреген бойда бақшаның аяғына апарған. Сол жерде оның жұлма-жұлмасын шығарыпты.

- Жеп жатыр ғой, кәдімгідей, отырып алып. Тістеген бергі жағын, кәдімгідей жеп жатты. Орманда жабайы аңдар жеп жата ма, ұстап, тура сондай болды ғой.

Белгілі болғаны итке таланған келіншек бұл үйге қонаққа келген. Үй иесі – оның жалғызбасты туған әкпесі. Мұнда тағы бір ер азамат болған. «Бұлар жиі бас қосып ішімдік ішетін», - дейді көршілері. Олардың айтуынша, қайғылы жағдай да сондай көңілді отырыстан кейін болған. Мас болған үй иесінің сіңлісіне араша түсуге шамасы келмепті. Шақырылған полицейлердің де төбетті ажыратуға жүрегі дауаламай тұрып қалған. Тек кейін қосылған тәртіп сақшысының бірі келген бойда жануарға оқ жаудырыпты.

Әзиза Наурызбаева, оқиға куәгері:

- Бір атқанда тиді, бірақ өлмеді, үйге қашып кетті. Сөйтіп ол бала жүгіріп келді де, есікті итеріп тұрып, жедел жәрдемді кіргізіп, ана кісіні алып шығып, сосын итті шығарып атып өлтірді.  

Зардап шеккен әйел шұғыл облыстық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Олардың айтуынша, алған жарақатынан науқас 2 литрге жуық қан жоғалтқан. Соның салдарынан 54 жастағы әйел аурухана кереуетінде жатып көз жұмды.  

Куәгерлердің айтуынша, адам өлтірген ит төрт жыл бұрын пайда болыпты. Ылғи бос жүретін қабаған питбуль тұқымы бұған дейін де екі адамға азуын батырған дейді. Ал қазір осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде