{metadescription}
0:000:00
Ақтау-Жаңаөзен тас жолында 15 жолаушысы бар «Газель» аударылды 

Ақтау-Жаңаөзен тас жолында 15 жолаушысы бар «Газель» аударылды 

Маңғыстау облысында 15 жолаушысы бар «Газель» аударылды. Шағын автобусқа жеңіл автокөлік келіп соқтығысқан. Ақтау-Жаңаөзен тас жолында болған жол апатынан 12 адам зардап шекті.

Зардап шеккендерге айналадағы ағылған көліктің жүргізушілері алғаш болып көмекке келген. Жол сақшыларының болжамы бойынша, апатқа көліктердің арасындағы ара қашықтықтың сақталмауы себеп. Жеңіл көлікті тізгіндеген жүргізуші жылдамдықты асырған.

Миы шайқалып, аяқ-қолы сынған шағын автобус жолаушылары дереу облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсеткеннен кейін 8 адамды амбулаториялық ем алуға жіберді. Қазір травматология бөлімшесінде 3 адам жатыр. Тағы біреуі – жансақтау бөлімінде.

Сағат Бітімов, Маңғыстау облыстық ауруханасы хирургия орталығының жетекшісі:

- Жан сақтау бөлімінде әйел адам жатыр. Жарақаты ауыр – миы шайқалған, сол жақ кеудесінің қабырғалары сынған. Қазір қанша күн жататынын айту мүмкін емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.