{metadescription}
0:000:00
Өрт! Ішімдікке салынған әйел үйінен шыға алмай жанып кетті

Өрт! Ішімдікке салынған әйел үйінен шыға алмай жанып кетті

Алматыда жер үй өртеніп, бір адам тірідей жанып кетті. Құтқарушылар оңбай күйген 59 жастағы әйелдің өлі денесін үйінділердің арасынан тапқан. Ал күйік шалған марқұмның ұлы ауруханаға жеткізілді. Көршілердің айтуынша, анасы мен баласы қосылып ішеді. Олар лапылдап жанған баспанадан қашуға да шамасы болмаған. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Тілсіз жау түнгі сағат он шамасында тұтанып, екі бөлмелі баспананың шаңырағын ортасына түсірген. 1965 жылдары ағаштан салынған үй қызыл жалынға әп-сәтте ораныпты. От лапылдап жанғанда үй ішінде екі адам болып, біреуі тірідей жанып кеткен.

Оңбай күйген 59 жастағы әйелдің өлі денесін құтқарушылар үйінділердің арасынан тапты. Ал аяғы күйген марқұмның ұлы ауруханаға жеткізілген. Өрт сөндірушілер қызыл жалын күш алып дес бермей тұрғанда оқиға орнына жеттік дейді. Соған қарамастан тілсіз жауды жарты сағатта ауыздықтапты.

Гүлдана Нұрымбетова, Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі:

- Жедел жеткен өрт сөндірушілер оттың лапылдап жанған кезінде барған. Өрт сөндірушілер жеткен кезде үйдің шатырының төбесі ойылып түсіп қалған. 

Көршілердің айтуынша, күлге айналған үйдің адамдары ішімдікке салынған. Күні-түні думандатып арақтан аузы құрғамайды екен.

Данияр Әбдіғұлов, көршісі:

- Өрт дегенде, бәріміз далаға шықты, су шаштық, одан пайда болмады. Ішетін адамдар. Бұл үй осымен бесінші рет өртеніп жатыр.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Көршілердің болжамы бойынша, от темекі тұқылынан тұтануы мүмкін. Ал шатыры отқа оранған баспананың сау-тамтығы қалмаған. Ішіндегі дүние-мүлік те күлге айналған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде