{metadescription}
Зейнетақы жинағын пайдалану есебі жұртты шошытты  
Зейнетақы жинағын пайдалану есебі жұртты шошытты  

Зейнетақы жинағын пайдалану есебі жұртты шошытты  

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағын пайдалана алатындардың есебін шығарды. Олардың айтуынша, еліміздегі 20 мен 63 жас аралығындағы 9 мыңнан аса ер адам және екі мыңдай әйел ғана тұрғын үй немесе білім алу үшін зейнетақы қорындағы жинағын пайдалана алады.

Министрлік жүргізген есептеулерге сүйенсек, зейнетақыны мерзімінен бұрын алу үшін 20 жастағы жігіттің шотында 6 миллион теңгеден астам ақша болуы шарт. Ал Қазақстанда мұндай салымы бар бірде-бір адам жоқ. Алты миллионнан аса қаржы жинай алған 9 мыңнан аса адам бар екен. Бірақ олардың жасы 30 бен 60-тың аралығында. Бүгінде бүкіл жинақ көлемі 108 миллиард теңге. Ал әйелдерге қатысты салым шегі ерлерге қарағанда жоғары белгіленген. Мысалы 20 жастағы қыз 9 миллион теңгеден асыра жинаған болуы тиіс. Жасы ұлғайған сайын көрсеткіштер де өсе береді. Дегенмен бұл деректер елді шошытқаннан кейін министрлік оның әлі де түзетілуі мүмкін екенін айтты.

Ақмәди Сарбасов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

- Бұл жұмыс тобының ұсынысы ғана. Бүгінгі таңда әлі ешқандай шешім қабылданған жоқ. Есептеулердің барлығы бірыңғай зейнетақы жинақ қорымен жасалды. Барлық ұсыныстілектерді біз әлі де қарайтын боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.